800
Звонки из Алматы:
Тел: 244-44-44
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Баспасөз-қызметі

Құрметті әріптестер, серіктестер, достар!

«Нұрбанк» АҚ-тың сайтына қош келдіңіздер дейміз. Банктің қызметіне білдірген қызушылығыңызға алғысымызды білдіреміз. Қай заманда болмасын ақпаратты иелену үлкен артықшылықтар беріп келді. БАҚ әрқашан қоғамды ақпараттармен қамтамасыз етуші негізгі құрал болып келген, солай болып қала бермек. Бұл өз кезегінде БАҚ өкілдеріне зор жауапкершілік артады, біз Қазақстан журналистерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін толығымен сезінетініне ерекше қуанамыз. Сіздердің қоғамымыз қызыққан ақпаратты шынайылықты сақтай отырып, жедел берген материалдарыңыздан көреміз. Біздің еліміз бен әлемде орын алған оқиғалар мен ақпараттардан хабардар болуымыз үшін қажырлы еңбек етіп жатқан барша журналистер қауымына шын көңілімізден алғысымызды білдіреміз.

Өз кезегінде, «Нұрбанк» АҚ көрсетіп отырған қызметінің ашық та, жария болғанын негізгі ұстанымы деп санайды, сондықтан да бұқаралық ақпарат құралдарымен кең ауқымда байланыс орнатуға әрдайым дайын.

Әрдайым Сіздермен ынтымақтаса  істеуге дайынбыз!

Айгуль Касенова
Баспасөз хатшы
Тел: +7 (727) 259-97-10 вн. 510
E-mail: akassenova@nubank.kz
pr@nurbank.kz