800
Звонки из Алматы:
Тел: 244-44-44
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар
  1. Акционерлік қоғамның жарғысына, сондай-ақ акционерлік қоғамның бағалы қағаздары шығарылымының проспектісіне сәйкес акционерлік қоғамның акционерлерінің және инвесторлардың мүддесіне қатысты өзге де мәліметтер — 27.04.2017 ж.;
  2. Алматы қ., Абай даңғ. 10 «В» мекенжайында орналасқан «Нұрбанк» Акционерлік қоғамы (09.11.2004 ж. мемлекеттік қайта тіркеу туралы куәлігінің № 3868-1900-АҚ) Директорлар кеңесінің бастамасымен (2017 жылдың 25 сәуіріндегі №29-(17) хаттама) «Нұрбанк» АҚ акционерлердің жылдық жалпы жиналысын шақыратыны және төмендегі күн тәртібінде өткізетіні туралы хабарлайды:
    1) «Нұрбанк» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібін бекіту.
    2) «Нұрбанк» АҚ-ның 2016 жылғы жылдық шоғырландырылған қаржылық есептілігін бекіту;
    3)  «Нұрбанк» АҚ-ның 2016 жылғы шоғырландырылған (жеке) жылдық қаржы есептілігін бекіту;
    4)  «Нұрбанк» АҚ-ның 2016 жылғы таза табысын бөлу тәртібін бекіту;
    5)  2016 жылдың қорытындысы бойынша «Нұрбанк» АҚ-ның жай акциялары бойынша дивидендтер төлеу және дивидендтің бір жай акцияға есептегендегі мөлшері туралы мәселені қарау;
    6) 2017 жылы «Нұрбанк» АҚ-ның қаржы есептілігіне аудит жүргізетін аудиторлық ұйымды анықтау;
    7)  Акционерлердің «Нұрбанк» АҚ-ның, оның лауазымды тұлғаларының әрекеттеріне жүгінуі және 2016 жылы оларды қарау қорытындылары туралы мәселені қарау;
    8)  «Нұрбанк» АҚ-ның Жарғысына №1 Өзгертулер мен толықтыруларды енгізу. «Нұрбанк» АҚ-ның Жарғысына енгізілетін №1 Өзгертулер мен толықтыруларға қол қоюға өкілетті тұлғаны белгілеу;
    9) "Нұрбанк" АҚ-ның Директорлар кеңесі туралы ережеге №1 Өзгертулер мен толықтыруларды бекіту.
    10) «Нұрбанк» АҚ-ның акционерлеріне «Нұрбанк» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшелері мен  Басқармасының мүшелеріне 2016 жыл үшін төленетін сыйақының мөлшері мен құрамы туралы хабарлау.
    11)  «Нұрбанк» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі-тәуелсіз директорға төленетін сыйақы мөлшерін өзгерту туралы. 
    Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңының және «Нұрбанк» АҚ Жарғысының нормаларына сәйкес өткізіледі.
    Акционерлердің жылдық жалпы жиналысы 2017 жылдың 30-мамырында Астана уақтымен сағат 10.00-де, Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В» мекенжайында өткізіледі. Акционерлердің жалпы жиналысы өткізілетін мекенде сағ. 09.00-ден бастап Акционерлердің жалпы жиналысына қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. 
           «Нұрбанк» АҚ-ның акционерлерін Акционерлердің жалпы жиналысына қатысуға шақырамыз. Акционерлердің жылдық жалпы жиналысының күн тәртібінің және оны өткізудің мәселелеріне қатысты ақпараттармен және материалдармен «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В» мекенжайында орналасқан офисінде танысуға болады.
    Телефон:  8 (727) 259-97-10 (Корпоративтік хатшы Тлегенова Данара – ішкі нөм. 5783).
            «Нұрбанк» АҚ Акционерлерінің жылдық жалпы жиналысына қатысуға құқығы бар акционерлердің тізімі «Нұрбанк» АҚ акцияларын ұстаушылар реестрінің 2017 жылдың 26 сәуірі күнгі күй-жай бойынша деректердің негізінде жасалатын болады.
    Кворум болмаған жағдайда «Нұрбанк» АҚ  акционерлерінің жылдық жиналысы 2017 жылдың 31-мамырында Астана уақытымен сағ. 10.00-де, Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В» мекенжайда қайтадан өткізілетін болады.