800
Звонки из Алматы:
Тел: 244-44-44
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Жеңіс күнінің қарсаңында Нұрбанк дәстүрлі «Ардагерлерге тағзым!» акциясын өткізді. Акция жыл сайын Қазақстанның 16 қаласында жүргізіледі. Банкирлер шара аясында банк клиенті болып табылатын әрбір ардагерді құттықтайды.

Қазіргі кезде Нұрбанк клиенттерінің арасында 146 Ұлы Отан соғысының батыр-ардагерлері мен тыл еңбекерлері бар. Қазақстанның барлық қалаларында Нұрбанктің басшылығы мен жұмыскерлері әрбір батырды мерекесімен құттықтап, ақшалай сертификаттар мен сыйлықтарды сыйға тартты.

«Нұрбанктің Жеңіс күніне арнап, жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіп келе жатқан әлеуметтік шара — бұл Ұлы Жеңісті жақындатқандардың табандылқтары мен батылдықтарына көрсетілген құрмет. Біз бүгін оларға аздап болса да қуаныш сыйлай алдық деп үміттенемін. Біз Қазақстанның барлық азаматын батырларымызға сый-құрмет көрсетуге шақырамыз, өйткені олар бізге бейбіт күнді сыйлаған», — деді «Нұрбанк» АҚ Алматы филиалының директоры Марат Шопанов.

Банк құрылғалы бері 1000-нан аса қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асырғанын, сондай-ақ қоғамымызға оң нәтижесін беріп үлгерген республикалық деңгейдегі жобаларға қатысқанын еске аламыз. Мысалы, Нұрбанк 2014 жылдан бастап Қазақстан қалаларындағы балалар үйлерінен шыққан түлектерді Каспий Қоғамдық Университетінде оқытуға қатысты өзінің «Өмірге жолдама» жобасына қолдау көрсетіп келеді. Жоба аясында банк студенттердің тұратын орын, тамақ, жол жүру, ақылары мен дайындық емтихандарының шығындарын төлеу, сондай-ақ үлгерімі үшін стипендия төлеу және ай сайын материалдық көмек көрсету істерін өз мойнына алған болатын.