800
Звонки из Алматы:
Тел: 244-44-44
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Төлем карточкалары

«Нұрбанк» АҚ өз клиенттеріне жеке және заңды тұлғаларға арналған Visa International халықаралық төлем жүйесінің карточкаларын шығару қызметі және оларға қызмет көрсету бойынша қызметтер ұсынады.

Банк Visa International халықаралық төлем жүйесінің тұрлаулы мүшесі. Бірінші пластикалы карточканы Банк 2000 жылы шығарған.

Карточканы жоғалтып қойған кезде оны бұғаттау

Карточканы жоғалтып немесе ұрлатып алсаңыз оны бұғаттау үшін дереу Байланыс орталығына телефон шалыңыз.

Ол, егер карточкаңыз айлакерлердің қолдарына түсіп олар оны пайдаланып кетпеулері үшін бұғатталады.

Төлем карточкаларының мәселелері бойынша Байланыс орталығының Алматы қаласындағы тәулік бойы жұмыс істейтін телефоны
+7 (727) 250-67-27

Негізгі карточканы ашу

Карточка ашу үшін мыналар қажет:

  • Жеке басын растайтын құжатты — жеке куәлігін беруге (Жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) көрсетілген); 
  • Төлем карточкасының түріне қарай қамтама (банкте ашылған сақтандыру депозиті немесе депозитті кепілге қою келісімшарты) беруге;
  • Өтініш (сауалнама) толтыру.

Қосымша карточка ашу

Сізге басқа тұлғаларға (мысалы, өз отбасы мүшелеріне, туыстарыңызға, достарыңызға) қосымша карточка ашуға болады.

Қосымша карточкаларының иелері сіз негізгі карточканың иесі ретінде шектеу қойған шегінде Сіздің шотыңызға қол жеткізе алады.

Мысалы, Сіздің балаңыз басқа елде білім алуда. Сіз оған қосымша карточка ашасыз, оның көмегімен ол сіздің шотыңыздан өзінің лимиті шегінде ақша ала алады. Сөйтіп, Сіз ақшаңызды үнемдейсіз, өйткені ақшаны шоттан алу ақшаны аударғаннан гөрі әлдеқайда арзан.

Қосымша карточка ашу үшін мыналар талап етіледі: қосымша карточка ашу жөнінде арыз толтыру, карточка ашылатын адамның атына берілген жеке куәлігінің (төлқұжатының) ЖСН* ксерокөшірмелері.

Қосымша карточканың иесі ҚР резиденті болмауы да мүмкін. Сіз қосымша карточкаға тапсырысты Банкке келіп бере аласыз.

Карточканы жоғалтып немесе ол бүлінген кезде сізге банкке келу керек те карточканы қайта шығару үшін өтініш толтыру керек.