800
Звонки из Алматы:
Тел: 244-44-44
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

1. VISA Electron, VISA Business, VISA Сlassic және VISA карточкаларының арасында қандай айырмашылық бар?

Олар төмендегідей сипаттармен бір-бірінен ерекшеленеді:

  • Visa Gold мен Visa Classic карточкалары дүние жүзі бойынша сауда және қызмет нүктелерінде VISA Electron карточкасына қарағанда көп мөлшерде қабылданады;

  • Visa Gold карточкасы VISA Classic карточкасына қарағанда беделді және таңдаулы, ол карточка иесінің жоғарғы мәртебесін білдіреді;

  • кейбір сауда және қызмет нүктелерінде VISA Gold карточкасы бойынша on-line авторлау   қажет емес. Карточканы тоқтам қағаз бойынша тексерсе де жеткілікті.

  • толығырақ мәлімет: http//www.visa.com.ru/main.jsp.

2. VISA карточкасы басқа халықаралық жүйелердің (EUROPAY, AMEX ж.б.) карточкаларынан несімен ерекшеленеді

VISA — әлемдегі ең танымал карточка (америкалық жүйе). Әлемде 1 миллиардтан артық VISA карточкасы шығарылған. VISA карточкаларын 22 миллионнан артық сауда және қызмет орындарында қабылдайды, оған Internet — дүкендер қосылды, 220 мемлекеттегі 700 мыңнан аса банкоматтар қызмет жасайды.

Басқа төлем жүйелері бұл көрсеткіштер бойынша VISA-ны оза алмайды, сондықтан да VISA карточкасының иесінің алдында мол мүмкіндік ашылды дей аламыз.

3. Төлем карточкасының шотына есеп валютасынан басқа валютада салым жасауға бола ма?

«Нұрбанк» АҚ-тың кассаларында төлем карточкасының шотына теңгедегі және валютадағы салым жасай аласыз. Теңге төлем карточкасының валютасына банктің қолма-қол емес валютасын сатып отырған ағымдағы бағам бойынша айырбасталады.

4. Карточканы, оның иесінен басқа да тұлғалар ала ала ма, оның қандай жолы бар?

Шығарылған VISA карточкасын — иә, ала алады, төлем карточкасының негізгі шот иесі үшінші тұлғаға (сенімді алушыға) рәсімдеген нотариалды бекітілген сенімхат негізінде.

5. Карточканы басқа тұлғаға рәсімдеуге бола ма?

Негізгі карточканың иесі басқа тұлғаның атына өзінің негізгі карточкасына қосымша карточканы рәсімдеп, ала алады (сенім берілетін тұлғаның куәландыратын құжаты, сонымен қатар Негзгі карточка Иесінің берген нотариалды сенімхаты болған жағдайда)

6. Төлем карточкасының шотындағы қаражатты қолма-қол емес ақша күйінде аударуға бола ма?

Иә, болады. Қолма-қол емес ақша аударғысы келген клиент төлем карточкасын алып, банкке келуі тиіс, ол тұрғындармен жұмыс бөлімінде отырып, аударма жасауға өтінім толтырады, онда аудармаға қажетті барлық деректемелерді көрсетеді, немесе “Card-to-Card” қызметін пайдаланады.

7. Төлем карточкасының шотын қалай толтыруға болады?

Нұрбанк кассаларынан қолма-қол ақшамен немесе кез келген басқа банкіден қолма-қол емес ақша жолымен төлем карточкасының шотын толықтырады.

8. «Нұрбанк» АҚ-тың VISA карточкасы кредитті немесе дебетті болып келе ме?

«Нұрбанк» АҚ-тың VISA карточкалары барлық клиенттер үшін дебетті болып табылады: Сіз төлем карточкасының шотындағы қалдық ақша қаражатын пайдалана аласыз, алайда «Нұрбанк» АҚ Сізге қарыз ақша қаражаты – кредит лимитін пайдалану мүмкіндігін береді.

9. Банкінің VISA карточкасын пайдаланғанда айырбас қандай бағам бойынша жүргізіледі?
Егер Сіздегі «Нұрбанк» АҚ-тің VISA карточкасы теңгемен болса:

  • Егер Сіз шетелдегі сауда-қызмет жүйесімен есеп айырысып жатсаңыз, онда теңге автоматты түрде Биржа бағамы бойынша + 0,15% АҚШ долларына айырбасталады, сонан соң қажет болған жағдайда VISA бағамына қарай доллар төлем валютасына айырбасталады. Айырбас үшін ешқандай қосымша комиссия алынбайды;

  • Егер Сіз Банк арқылы төлем карточкасынан АҚШ долларында қолма-қол емес ақша аударып жатсаңыз, онда шоттағы теңге банктің қолма-қол емес валюта сату бағамы бойынша АҚШ долларына айырбасталады;

  • Егер Сіз «Нұрбанк» АҚ-тың қолма-қол ақша беретін орындарында АҚШ долларын алғыңыз келсе, онда шоттағы теңге бірден АҚШ долларына Биржа бағамы бойынша айырбасталады, және соманың 0,15% мөлшерінде айырбас үшін комиссия алынады;

  • Егер Сіз шетелдегі немесе Қазақстандағы басқа банкілердің банкоматтары мен қолма-қол ақша беру орындарынан АҚШ долларын алғыңыз келсе, онда шоттағы теңге бірден АҚШ долларына Биржа бағамы бойынша айырбасталады, және соманың 0,15% мөлшерінде VISA карточкасынан айырбас үшін комиссия алынады. Сонымен бірге Сізден «бөтен» нүктеде қолма-қол ақша алғаныңыз үшін — соманың 1,5% мөлшерінде комиссия алынады (ҚР сыртта – ең азы 1200 теңге, ҚР ішінде – ең азы 500 тенге).

Егер Сіздегі «Нұрбанк» АҚ-тің VISA карточкасы доллармен болса

  • Егер Сіз шетелдегі сауда-қызмет жүйесімен есеп айырысып жатсаңыз, онда АҚШ доллары автоматты түрде VISA бағамы бойынша төлем валютасына айырбасталады;

  • Егер Сіз Банк арқылы төлем карточкасынан теңгемен қолма-қол емес ақша аударып жатсаңыз, онда шоттағы АҚШ доллары банктің қолма-қол емес валюта сату бағамы бойынша АҚШ долларына Биржа бағамы бойынша айырбасталады, және соманың 0,15% мөлшерінде айырбас үшін комиссия алынады;

  • Егер Сіз «Нұрбанк» АҚ-тың  немесе Халық Банкінің қолма-қол ақша беретін орындарында теңге алғыңыз келсе, онда шоттағы АҚШ доллары бірден теңгеге Биржа бағамы бойынша айырбасталады, және соманың 0,15% мөлшерінде айырбас үшін комиссия алынады;

  • Егер Сіз шетелдегі немесе Қазақстандағы басқа банкілердің банкоматтары мен қолма-қол ақша беру орындарынан теңге алғыңыз келсе, онда шоттағы АҚШ доллары бірден Биржа бағамы бойынша теңгеге айырбасталады, және соманың 0,15% мөлшерінде комиссия алынады. Сонымен бірге Сізден «бөтен» нүктеде қолма-қол ақша алғаныңыз үшін — қазақстан банкілерінің банкоматтарында соманың 1,5% мөлшерінде (ең азы 3$) және қазақстан банкілерінің кассаларында немесе кез келген шетел банкілерінің қолма –қол ақша беретін орындарында соманың 1,5% мөлшерінде (ең азы 500 теңге) комиссия алынады;

  • Егер Сіз шетелдегі басқа банкілерден басқа валютадағы қолма-қол ақша алғыңыз келсе, онда доллар VISA бағамы бойынша қалаған валютаңызға айырбасталады және Сізден «бөтен» нүктеде ақша алғаныңыз үшін соманың 1,5% мөлшерінде (ең азы 1200 теңге) комиссия алынады.

10. POS-терминал деген не?

POS-терминал — бұл VISA карточкасының теріс бетіндегі магнитті сызықшадан ақпаратты оқуға, сонымен қатар орындалған операциялардың мәліметтерін тіркеуге арналған электронды құрылғы, оны сауда нүктелері мен қолма-қол ақша беру орындары қолданады. POS — терминал көмегімен авторлау жүзеге асырылады (осы үдеріс нәтижесінде сауда нүктесі немесе қолма-қол ақша беретін орын банк-эмитенттен нақты сомаға транзакция жасауға рұқсат алады).

11. Импринтер деген не?

Импринтер — VISA (Electron түрінен басқа барлық түрлерін) карточкаларын ұстаушыларға қызмет көрсетуге арналған механикалы құрылғы, оны сауда нүктелері мен қолма-қол ақша беру орындары қолданады. Импринтер әдетте «слип» деп аталатын карточканың алдыңғы бетіне эмбоссирленген ақпараттарды көшіреді. Импринтерге карточка салынады оның бетіне слип қойылып, бетімен білікше жүргізіледі. Клиент қол қойған чектің негізінде төлем жасалады немесе қолма-қол ақша беріледі. Авторлау (операция жасауға рұқсат) телефон арқылы іске асырылады.

12. Банкомат деген не?

Банкомат — қолма-қол ақша қаражатын беруге, банкінің төлем карточкаларын пайдалану арқылы жүргізілген операциялар бойынша құжаттар құрастыруға, төлем карточкасындағы ақпараттарды беруге ж.т.б. арналған электронды бағдарламалы техникалық құрылғы. Ол карточканың магнит сызықшасын оқуға арналған құрылғы мен қолма-қол ақша беретін құрылғыдан тұратын дербес компьютер түрінде болады. Ол клиенттің бұйрығымен әрекет етеді және оған қызмет көрсететін жұмысшы қажет емес.

13. ҚАО (қолма-қол ақша беру орындары) деген не?

Қолма-қол ақша беру орындары (бұдан былай — «ҚАО») — банкінің төлем карточкасын пайдалана отырып, қолма-қол ақша қаражатын қабылдау немесе беру операцияларын орындауға арнайы жабдықталған орын. ҚАО-ға POS-терминал немесе импринтер орнатылады.

14. PIN-код деген не?

Жеке сәйкестендіру нөмері (PIN) — операция жүргізу үшін POS-терминалдың немесе банкоматтың пернетақтасында терілетін санды код. PIN-код карточканың заңды иесін анықтау мақсатында қолданылады. PIN-кодты банк карточка берген кезде жабық конвертке салып, карточка иесіне табыс етеді.

15. Шетелге шыққан кезде төлем карточкасының шотындағы соманы кеденде мағлұмдау керек пе?

Карточкадағы ақша сомасының қаншалықты болғанына қарамастан, шетелге шығу кезінде төлем карточкасы шотындағы ақшаны мағлұмдаудың қажеті жоқ. Банкінің төлем карточкасының қолма-қол ақшамен салыстырғандағы артықшылықтарының бірі осында.

16. Карточка шотындағыдан басқа валютада карточка шотынан қолма-қол ақша қаражатын алуға бола ма?

Мейлі сіздің шотыңыз теңгемен немесе АҚШ доллармен болғанына қарамастан, әрдайым және әлемнің кез келген мемлекетінде Сізге қолма-қол ақша банкомат немесе ҚАО қызмет жасап отырған валютада беріледі (АҚШ-та жүріп Еуро алуға болады).

17. Банкінің VISA карточкасы барлық жерде қабылдана ма?

Банкінің VISA карточкалары VISA логотипі орнатылған барлық сауда – қызмет нүктелерінде қабылданады. VISA карточкаларын 22 миллионнан артық сауда және қызмет орындарында қабылдайды, оған Internet — дүкендер қосылды, 220 мемлекеттегі 700 мыңнан аса банкоматтар қызмет жасайды. Әдетте VISA жапсырмасы дүкен немесе банкінің есігіне жапсырылады.

18. Егер карточка банкоматта «қысылып» қалса не істеу керек және қандай әрекет жасағанда осы жағдайға орын алады?

Карточка ұстаушы PIN-кодты үш рет қате терсе, карточка қайтарылғаннан кейін белгілі “time-out” ішінде банкоматтан (30-60 сек) карточканы алуды «ұмытып» кетсе, карточка банкоматта «қысылып» қалуы мүмкін. Мұндайда Сіз Байланыс орталығының (+7 727) 2506-727 телефоны арқылы банкке банкоматтың мекенжайын хабарлауыңыз керек. Мұндай жағдайларға тап болмас үшін Өзіңіздің негізгі шотыңызға қосымша Electron карточкасын ашуды кеңес етеміз.

19. Тауар және қызмет үшін төлем жасауға немесе қолма-қол ақша алу үшін басқа тұлғаға беруге бола ма?

Карточканы қолдану ережесіне сәйкес карточканы басқа тұлғаға беруге немесе PIN-кодын хабарлауға тыйым салынады. Егер Сіз басқа тұлғаның Сіздің шотыңызды пайдалануына мүмкіндік бергіңіз келсе, ол тұлғаға қосымша карточка рәсімдеп беріңіз.

20. Карточкалардың әрекет ету мерзімі қанша?

Карточка бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге шығарылады. Карточканың сыртқы бетінде көрсетілген айдың соңғы күні қоса есептелеген мерзімге дейін карточка әрекет етеді.

21. Қолма-қол ақша беру орындарынан ақша алу кезінде жеке басты куәландыратын құжатты көрсету міндетті ме?

Банкінің немесе дүкеннің кассирі талап еткенде, жеке басты куәландыратын құжат көрсетілуі тиіс. Жеке куәлікті көрсету – міндетті емес, алайда кассир немесе сатушының карточка иесінің тұлғасына немесе қойған қолына күмәні туындаса, оның жеке куәлікті талап етуге құқығы бар. Қазақстанда банкіде қолма-қол ақша алу кезінде жеке куәлікті көрсету қажет. Дүкенде бұл міндетті емес. Шетелде үлкен сомадағы ақша алсаңыз немесе Сіздің қойған қолыңыз күмәнді болса, Сізден жеке басты куәландыратын құжат немесе ақша алуға құқығыңызды білдіретін құжат талап етілуі мүмкін.  

22. Интернет жүйесінде VISA карточкасы арқылы есептесуге бола ма?

Internet жүйесінде Банкінің VISA Gold, VISA Infinite, VISA Classic карточкалары арқылы есептесуге болады. Сатып алмас бұрын сайттан тауарды жеткізу шарттарымен танысып алыңыз. Сатып алынған тауарды қайтаруға және төленген соманы қайтарып алуға құқығыңыздың бар екеніне көз жеткізіңіз.

23. Карточка иесінен басқа тұлға үшінші бір кісінің төлем карточкасының шотына қолма-қол ақша салымын жасай ала ма?

Банкінің бөлімінде өтініш толтырған басқа тұлға төлем карточкасы иесінің шотына қолма-қол ақша салымын жасай алады.

24. Қонақ үй үшін карточка көмегімен төлем қалай жасалады?

Клиент үшін де, банк үшін де карточка қолданылатын салалардың ішіндегі әуресі ең көбі осы сала болып табылады. Қонақ үйге тапсырыс бергенде өте мұқият болған жөн.

Қонақүйден орын алғанда біздің отандастарымыз біле бермейтін халықаралық ережелері бар. Мұнда ең маңызды бір ережені білуіңіз қажет. Сіз отелге қоңырау шалып, белгілі бір мерзімге бөлме брондаған кезде, Сізден міндетті түрде карточка нөмері мен оның әрекет мерзімін сұрайтынын және тапсырысыңызды факс арқылы растауды талап ететінін есте ұстауыңыз қажет. Сіздің жоспарыңыз өзгеріп жатса, нөмер бронын тоқтататыныңыз туралы хабарлауды ұмытпаңыз.

Егер мұны жасамасаңыз, бөлме үшін тәулігіне алынатын төлем Сіздің шоттан алынады. Бұл ардағы Сіздің талаптарыңыз қанағаттандырылмауы әбден мүмкін. Сіз қонақүйден кепілденеген бөлмеге белгілі бір мерзімге сақтап қоюын тапсырыс бере аласыз, отель Сізге арнап сол бөлмені, келісілген мерзімге «ұстап» тұрады.

Нәтижесінде сіздің төлем карточкаңыздағы сома тағы да сақталған мерзімге тең келетін сомаға азаяды. Бұл жағдайда да сіздің талап-ренішісіңіз қабылданбайды. Мұндай төлемдердің ерекшелігі сол: төлемге карточкаңыз қолданылмайды, тек отелге оның деректемелерін бересіз (әдетте факспен). Кей кезде клиенттер сапар алдында бірнеше отелдерге қоңырау шалып, белгілі бір мерзімге бос орындардың бар-жоғын анықтауға тырысып көреді.

Егер сіз шетел тілінде нашар түсініссеңіз, мұны жасамай-ақ қойғаныңыз абзал, өйткені Сізден карточка нөмері мен қонақүйде тұратын мерзімді сұрайды (Сіз осыны ғана түсінуіңіз мүмкін, ал олар Сізден қажетін алып қояды), осылайша айналып келгенде, Сіз бірнеше қонақүйден бөлмеге тапсырыс берген болып шығасыз, ал олар болса, Сізден міндетті түрде бір мезгілде бірнеше қонақүйде тұрғандай етіп, ақша қаражатын алып қояды. Егер отель брондалып қойса, онда Сіз орналаспай жатып, Сізден  көбінесе карточкаңызды талап етеді немесе тұратын мерзімге сай келетін ақша депозитін (кепіл) беруді сұрайды.

Естен шығармаңыз: егер Сіз карточкаңызды берсеңіз, онда Сіздің шотыңыздағы ақшадан қонақүйде тұратын мерзімге сәйкес келетін соманы отель бұғаттап тастайды. Қонақүйде тұру мерзіміне қарай қосымша сома бұғатталуы мүмкін. Қонақүй осындай жолмен  есептесу кезінде туындауы мүмкін тәуекелдерден өзін сақтандырады, өйткені клиенттер арасында «ақша таусылды», «тонап кетті» деген желеумен есеп айырысқысы келмейтіндер кездесіп жатады. Әдетте Сіздің шотыңыздан қаражаттың бұғатталғаны жайлы қонақүй Сізге хабарламайды, ал Сіз болсаңыз, шотыңызда қаражат жеткілікті деген сеніммен жүресіз.

Қонақүйде карточкамен есептесудің және бір ерекшелігі — Сіз қонақүйден кетіп қалған соң талап етілетін төлемдер (яғни жұмсалған шығындар). Сіз өзіңіз қол қойған шоттың көшірмесінен қонақүй үшін ұсталған төлемдерді көргенде, таң қалмаңыз. Әдетте жақсы қонақүйлер клиенттеріне белгілі бір дәрежеде сенімділік көрсетеді де, Сіз төлем жасап қойған соң да, Сізге қызмет көрсетулерін тоқтатпайды (мысалы, Сіз төлемді кешкісін жасадыңыз, алайда қонақүйден таңертең кетесіз). Сіз барларды, бөлмедегі шағын барларды, қала аралық телефон байланысын ж.т.б. пайдалана бересіз. Бұл қызметтер үшін шоттар кешігіңкіреп келеді, сондықтан оған сәйкес сома да Сіздің шоттан белгілі бір мерзімге кешіктіріліп алынады.

25. Карточка көмегімен автокөлікті қалай жалдауға болады?

Машинаны жалға берудің ортақ ережесі жоқ, әр фирма өзінше әрекет етеді, алайда бәріне тән ерекшеліктерді атап кетуге болады. Автөкөлікті жалдау кезінде карточкадан жалдау мерзіміне сай келетін қаражат сомасы бұғатталады (Сізге бұл жайында хабарламауы да ықтимал). Егер есептесу фирманың басқа бөлімінде мысалы, басқа қаладағы бөлімінде жасау керек болса, онда бұл арада да қонақүйдегі секілді жағдай туындап, фирманың бөлімі Сіздің шотыңыздан жалдау сомасы бұғатталып қойғанын білмей, екінші рет сол соманы бұғаттауы мүмкін.

Машинаны рәсімдеу кезінде келісімшартты мұқият қарап шығыңыз. Онда машинаның жай-күйі көрініс табуы тиіс. Әдетте келісімшарттағы машина көзге жақсы болып көрінуі мүмкін, алайда оны ерінбей дұрыстап қарап шығыңыз. Сырылған, ұрылған тұстарының бар-жоғына баса назар аударыңыз, өйткені машина сақтандыруда тұрған күннің өзінде, сол сақтандыру шығын белгілі бір сомадан асқанда ғана беріледі. Бұл әдетте 200-300 долларды құрайды. Бұл сомадан төмен болған залалды Сіз төлеуге міндеттісіз.

Машинаны фирмаға қайта тапсыру кезінде фирма өкілінің машинаны тексеріп шығып, келісімшарттқа оның аман екені туралы белгі қоюын талап етіңіз. Сонда Сіз күтпеген төлемдерден өзіңізді сақтандырасыз. Мұны жасамаған жағдайда, Сіздің машинаны сырып алмағаныңызды дәлелдеу қиынға соғады. Әдетте машиналарды жалға беретін фирмалар клиент сенімін ақтауға тырысады. Алайда фирма кішігірім және белгісіз болса, кез келген жағдайға дайын болуыңыз керек. Автокөлік жалдау келісімшартындағы барлық міндеттеріңізді толығымен орындауға тырысыңыз, әйтпесе бұл елден шығу кезінде қиындықтарға тап болуыңыз әбден ықтимал.

Автокөлікті өткізгеннен кейін автокөлік иесінің Сізге қояр талап-арызы болса, және Сіз оны бірден қанағаттандыра алмасаңыз, онда бұл елге екінші қайтара келгенде оны реттеуге (қаражат жағынан) дайын болыңыз, әйтпесе Сізге қайтуға тура келеді.

Сіздің үйіңізге жол ережесін бұзғаныңыз үшін айыппұлдарды төлеуді өтініп сыпайы жазылған хаттар келе бастаса, оған таң қалмаңыз. Әдетте мұндай хаттарға қосымша ретінде сіздің машинаның суреті, ереже бұзған күніңіз, рұқсат етілген жылдамдық көрсетілген қосымша бірге жүреді. Бұл фотосуреттерді жол жиегіне орнатылған полицияның арнайы автоматтары түсіріп алады, Сіз туралы мәліметтерді компьютерден табады. Сондықтан да оны төлеп тастағаныңыз дұрыс, оны істемеген жағдайда, екінші рет барғыңыз келгенде, шекарада алдыңыздан мәселе болып шығады немесе Сізге бұл елге кіруге виза мүлдем берілмей қою мүмкін.

Карточкамен төлем жасауда соншалықты қиындықтар көп екен деп ойлап қалудан аулақ болыңыз. Жоғарыда аталған жағдайлар өте сирек, оның үстіне Сіздің басқа таңдауыңыз жоқ, қонақүйге тапсырыс беру, автокөлік жалдау көбінесе карточка арқылы ғана жүзеге асырылады. Туристік бизнесті ұйымдастыру жүйесі толығымен төлем карточкаларын күтпеген жағдайлардан өздерін сақтандыру полисі ретінде қолданады. Мұндай полисті төлем кепілдемесі ретінде Сіздің Банкіңіз беріп отыр, өйткені төлем жүйесі арқылы барлық қаражат банкінің шотынан алынады емес пе. Осыдан кейін ғана банк сіздің шотыңыздағы қаражаттан алады да, осы төлемдерге қатысты арыздарды қабыл етеді.