800
Звонки из Алматы:
Тел: 244-44-44
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Карточка түрлері

Visa Electron / Cirrus Maestro

Ең демократиялы өнім. Ол дүние жүзі бойынша банкоматтар мен POS-терминалдардан қолма-қол ақша алуға және POS-терминалы бар сауда нүктелерінде алған затыңыз үшін төлем жасауға мүмкіндік береді.

www.visa.com.ruwww.mastercard.com/kz/ru/consumer/

Visa Classic / MasterCard Standard

Байсалды адамдарға арналған және ең көп тараған карточка түрі. Сіздің осы карточка арқылы кредит алуға, POS-терминалдан қолма-қол ақша алуға, сауда нүктелері мен интернетте төлем жасауға, автокөлік жалдауға, қонақүй брондауға ж.т.б. мүмкіндігіңіз бар. Бұл — танымал пластик карточкалар. Visa және MasterCard логотипі қойылған жердің бәрінде қызмет көрсетіледі.

www.visa.com.ru, www.mastercard.com/kz/ru/consumer/

card_classic_2

Visa Business / MasterCard Corporate

Іскер адамдарға арналған корпоративтік өнім. Компанияның сенімді қызметкеріне берілетін төлем карточкасы. Бұл карточканың иесі өкілдендірілген, іссапар мен бизнес сапар шығындарын төлеуге, автокөлік жалдауға, қонақүй брондауға ж.т.б. мүмкіндігі бар. Business карточкасы — Қазақстан мен шетелде жүрген кез келген компанияның қызметкері іссапар мен өкілдік шығындарды қолма-қол ақшасыз төлем жасауына таптырмас құрал.
www.visa.com.ruwww.mastercard.com/kz/ru/consumer/

Карточка туралы толығырақ

visa business

Visa Gold / MasterCard Gold

Сіздің мәртебеңіз бен ауқаттылығыңыздың белгісі. Бұл карточка кредит алуға, сауда нүктелері мен интернетте төлем жасауға, автокөлік жалдауға, қонақүй брондауға ж.т.б. мүмкіндік береді. Gold карточкаларын ұстаушыларға ең жоғарғы мүмкіндік ашылады, өйткені оларға әлемнің кез келген нүктесінде VIP-клиенттер дәрежесінде қызмет көрсетіледі.
Gold карточкасы бедел мен жетістік белгісі.
www.visa.com.kzwww.mastercard.com/kz/ru/consumer/



          

Web-card

Web-card төлем карточкасы Интернет жүйесінде тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасауға арналған. «Web-card» — бір ғана құжаттың негізінде шығарылады. Карта 2 күн ішінде дайын болады.

«Нұрбанк» АҚ-ның «Web-card» өнімі — қауіпсіз Интернет-төлемдер.

Visa Infinite

Visa International халықаралық төлем жүйесінің ең беделді өнімі. Карточка жаппай шығарылған жоқ, бүгінгі күні ол бірнеше оңдаған мыңға жетіп жығылады. Visa Infinite та ауқатты кісілердің ерекше талаптарын қанағаттандыруға тырысады. Бұл карточканың жеке мәселелерді шешуге арналған жеке телефон операторы, медициналық қызмет пен заңды қолдау, сауда нүктелері мен отелдерде ауқаттыларға ғана жасалатын жеңілдіктер және басқа көптеген мүмкіндіктер мен артықшылықтары бар. Шетелде Infinite иесін жеке консьерж күтіп алады. Visa Infinite төлем карточкасын ұстаушылар дүниежүзілік және жергілікті дисконтты бағдарламаларға қосылған және олар әлемдегі келесі орындарда жеңілдіктерді пайдалана алады: жоғарғы дәрежелі қонақүйлерде, эксклюзив дүкендерде, сән көрсетілімінде, мейрамханаларда, автокөлік, яхта, қайық жалға беретін орындарда және басқа да орындарда.

 

Қазақстандағы Visa Сыйлық карталарын ұстаушыларға арналған телефон нөмерлері

Консьераж қызметі, Сақтандыру мәселелері, шетелде Медициналық және заңдық көмек, Сатып алған затты қорғау мен кепілдікті ұзарту туралы мәліметтерді алуға клиенттерге арналған Ортақ телефон желісі:

+44 207479 3527
Шет елдерден қоңырау шалғанда, ағылшын тілінде.

+7 495 725 7976
Шет елдерден қоңырау шалғанда, орыс тілінде.

+7 727 349 5062
Халықаралық және Қазақстан бойынша

8 800 555 7046
Қазақстан бойынша тұрақты телефондардан тегін

8 800 080 1976
Орыс және ағылшын тілдерінде байланысу үшін.
Қазақстаннан қоңырау шалу тегін.

Карта жоғалғанда (бұғатталғанда, жедел қолма-қол ақша керек болғанда немесе картаны ауыстыру қажет кезде) Visa-ның Жедел Қызметтерін пайдалану үшін де осы нөмерге хабарласыңыз.

Visa-ның Жедел Қызметіне қатысты кеңес беру ағылшын тілінде жүргізіледі, дегенмен де сұраныс бойынша орыс тіліне синхронды аудартуға болады.

Заңгерлік көмек:
+44 0203 284 1111 немесе +44 0203 284 1112 Гринвич бойынша 9.00-дан 17.00-ге дейін (ағылшын тілінде)

Веб-сайттар: http://www.visa.com.kz, http://visapremium.com, http://visainfinitecard.com

 

inf2

inf3

inf1