800
Звонки из Алматы:
Тел: 244-44-44
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Жедел қызмет туралы жиі қойылатын сұрақтар

Сұрақтар

Жауаптар

Жеке тұлға-резидентке шот ашу үшін қандай құжаттардың түпнұсқалары қажет?

- ҚР азаматының жеке куәлігі немесе Паспорты;
-ЖСН көрсетілген шетелдіктің ҚР-дағы тұруына берілген ықтиярхат;
-ЖСН көрсетілген азаматтығы жоқ тұлғаның жеке куәлігі.

Жеке тұлғадан банктік шот ашқаны үшін комиссия алына ма?

- 400 KZT;
- бірмезгілде мерзімдік немесе шарттық салым ашқан жағдайда-0 KZT;
-0KZT, «Тауарлық кредит» өнімі бойынша  қарыз берілген кезде ағымдағы шот ашылса;
- 0 KZT, МЗТО-дан зейнетақы мен жәрдемақы төлеу үшін арнайы ағымдағы шот ашқанда;
- 0 KZT жинақ шотын ашқанда;
- 200 KZT қарыз берілген кезде Эскроу-шот ашқанда.

Сіздердің Банк ақша аударымының қандай халықаралық жүйелерімен жұмыс істейді?

- Western Union;
- Сontact;
- Unistream;
- Золотая Корона.

Сіздердегі сейф ұяшықтарының көлемдері қандай болып келеді?

Сейф ұяшықтарының төмендегідей үш түрін ұсынамыз (б*е*ұ):
- Кіші (7,5*25*60);
- Орташа (15*25*60);
- Үлкен (45*25*60).

Сіздердің Банк арқылы МЗТО-дан зейнетақы/жәрдемақы алуға бола ма?

МЗТО-дан зейнетақы/жәрдемақы алу үшін арнайы ағымдағы шот ашу немесе әлеуметтік төлем карточкасын рәсімдеу қажет.

Зейнетақы мен жәрдемақы алуға арналған шотттардан қолма ақша берген кезде комиссия алына ма?

Арнайы ағымдағы шоттан немесе әлеуметтік карточкадан қолма қол ақша беру тегін атқарылады.

Заңды тұлға-резидентке банктік шот ашу үшін Банкке қол үлгілері мен мөрдің баспа-таңбасы көрсетілген, нотариалды расталған құжаттарды тапсыру міндетті ме?

Міндетті емес. Қол үлгілері мен мөрдің баспа-таңбасы көрсетілген құжатты банктің жұмыскері клиенттің қатысуымен растай алады.  

Заңды тұлғаның шоты мен оның жағдайы туралы анықтама бергені үшін комиссия алына ма?

Заңды тұлғаның шоты мен оның жағдайы туралы анықтаманы 2 банктік күні ішінде бергені үшін төмендегідей комиссия алынады:
- қазақ/орыс тілінде 500 KZT;
- ағылшын тілінде 1000 KZT.

Тендерге қатысу үшін берілетін, несиелік және/немесе мерзімі кешіктірілген несиелік бершектердің бар/жоқ екені туралы анықтама бергені үшін Банктің алатын комиссиясының мөлшері қандай?

Несиелік және/немесе мерзімі кешіктірілген несиелік бершектердің бар/жоқ екені туралы анықтаманы 3 банктік күн ішінде бергені үшін 1500 KZT мөлшеріндегі комиссия алынады.

Жеке тұлға заңды тұлғаның шетелдегі шотына ақша аудара ала ма?

Иә, халықаралық SWIFT аударым жүйесі арқылы.

Жеке тұлғалар Банк кассасынан салық, айыппұл төлей ала ма?

Иә, төлей алады.

Жеке тұлғаның банктік шотынан үшінші бір тұлға ақша қаражатын алуына бола ма?

Қолында нотариус растаған Сенімхаттың түрнұсқасы болса, алуына болады.