800
Звонки из Алматы:
Тел: 244-44-44
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

«Нұрбанк» АҚ меншігіндегі интернет-өкілдігін қолдану туралы келісім

Анықтама

«Нұрбанк» АҚ-тың Интернет-өкілдігі (бұдан әрі — «Сайт») нақты осы уақыт режимінде интерактивті қызмет көрсету жүйесі болып табылады, оны «Нұрбанк» АҚ әлемдік Интернет жүйесінде пайдаланады және оның құрамына ақпараттық қызметтер мен «Нұрбанк» АҚ-тың үшінші тұлғаға ұсынатын мәліметтері енеді. «Нұрбанк» АҚ Сайтын пайдалану үшін қосылуға (бұдан әрі — «Есептік Жазба») мүмкіндік алған немесе орнатуға мүмкіндігі бар кез келген тұлғаны «Абонент» терминімен белгілейді.

Жауапкершіліктің шектеуі.

A. Осымен Абонент «Нұрбанк» АҚ Сайтын пайдалану кезінде пайда болуы мүмкін тәуекелдерді өз мойнына алады. «Нұрбанк» АҚ, оның қызметкерлер мен агенттердің, контентті жеткізушілер мен өндірушілердің, лицензиарлардың ешқайсысы да «Нұрбанк» АҚ Сайтында қате болмайтынына және оның үздіксіз жұмыс істейтініне кепілдік бермейді. Осы орайда, жоғарыда аталған тұлғалар «Нұрбанк» АҚ Сайтын пайдалану нәтижесіне байланысты және «Нұрбанк» АҚ Сайты арқылы өткізілетін қандай да бір ақпараттың нақтылығына немесе шынайылығына және қызметтер мен өнімдерге қатысты ешқандай кепілдік бермейді.

B. «Нұрбанк» АҚ Сайтының қызметі «бары осы» қағидасы бойынша ұсынылған, туралай немесе жанама түрінде ешбір кепілдік берілмейді, сондай-ақ оның нақты бір мақсатқа жарамды екеніне де кепілдік берілмейді. Бұл арада заңмен берілетін кепілдіктер немесе осы Келісімге қатысты қолданылатын заңнан туындаған кепілдіктер орындалады. «Нұрбанк» АҚ, оның қызметкерлері мен агенттерінің, контентті жеткізушілер мен өндірушілердің, лицензиарлардың ешқайсысы да «Нұрбанк» АҚ Сайтында қате болмайтынына және оның үздіксіз жұмыс істейтініне кепілдік бермейді. Осы орайда, жоғарыда аталған тұлғалар «Нұрбанк» АҚ Сайтын пайдалану нәтижесіне байланысты және «Нұрбанк» АҚ Сайты арқылы өткізілетін қандай да бір ақпараттың нақтылығына немесе шынайылығына және қызметтер мен өнімдерге қатысты ешқандай кепілдік бермейді.