800
Звонки из Алматы:
Тел: 244-44-44
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Әлеуметтік жобалар

«Нұрбанк» АҚ Қазақстан Республикасындағы банктік  қызметтер көрсету және банктік өнімдерді ұсыну нарығында 22 жылдан бері жемісті қызмет көрсетіп келеді, осы уақыт ішінде демеулік және қайырымдылық көмек көрсету Банктің назарынан тыс қалып көрген емес. Осы орайда Банктің өз қызметін бастағалы бері 1000-нан аса қайырымдылық бағдарламаларын жүзеге асыруға мұрындық болғанын атай кету керек. Банк басшылығы әлеуметтік жобаларды әрдайым белсенді түрде қолдап келеді. 2008 жылы қабылданған қайырымдылық және демеушілік саласындағы Банктің ұстанған Саясатына байланысты келесі бағыттарға басымдылық берілген болатын:

  1. Ауыр науқасқа шалдыққан балаларға, және жетім балаларға жәрдем жасаумен арнайы айналысатын өкіметтік емес ұйымдармен ынтымақтасу
  2. Аймақтық маңызы жоғары әлеуметтік жобаларды қолдау 
social_1

Осы күні Банк ірі әлеуметтік бағадраламаларды жүзеге асырып отыр. 2008 жылдан бастап «Нұрбанк» жетім балаларды асырап алуды насихаттап келе жатқан «Дорога домой» әлеуметтік жобасын жүзеге асыруда «КТК» ТК-ның серіктесі болып келеді. Бұл жобаның басты мақсаты – жетімдердің жаңа отбасылы болуына жәрдемдесу.

Толығырақ

2014 жылы республикалық деңгейдегі Нұрбанк пен Каспий Университетінің  «Болашаққа жолдама» әлеуметтік бағадарламасы іске қосылды. «Болашаққа жолдама» бағдарламасы арқасында Алматы қаласына қарасты балалар мекемелерінің 10 бітірушісі Каспий университетіне оқуға қабылданды. «Нұрбанк» АҚ Каспий университетімен бірге оқу төлемі мен ай сайынғы стипендия шығындарын өз мойындарына алады.

Толығырақ

social_3

Сондай-ақ Банк жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету мақсатында «Время дарить тепло» акциясын жыл сайын өткізіліп келеді.

Толығырақ

Сонымен қатар өткен замандардың көне жәдігерлерінен құралған бірегей Қолөнер көрмесі ұйымдастырылды.

Толығырақ