800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Банктің көрінісі мен миссиясы

Банктің миссиясы: бөлшек сауда, шағын және орта бизнес субъектілері мен ірі корпорациялар өз алдына қойған мақсаттарына жету үшін оларға қазіргі заманғы қаржылық қызметтің толық кешенін ұсынатын сенімді әріптесі болу.

Бизнес-қағидаттар және Құндылықтар

Клиенттер табысты даму үшін клиентпен ортақ бизнес-қағидаттар мен құндылықтарға негізделіп, қызмет көрсетеміз.

Банктің барлық клиенттері — жеке тұлғалар, сондай-ақ ірі корпорациялар – сатылымның түрлі жолдары арқылы жоғары сапалы қаржылық қызметтерді қашанда ала алатынына  сенімді.

Біз бизнес-үдерістерді жетілдіру, озық ақпараттық технологияларды енгізу және кәсіпқойлықты арттыру арқылы сервис деңгейін үнемі жақсартудамыз. Біздің қажыр-қайратымыз клиенттерге жедел және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.

Біз жұмыста қолайлы және тиімді ортаны  қалыптастыру үшін Банкіміздің қызметкерлерінің дамып-өсуіне елеулі үлес қостық. Біз талантты және алғыр адамдарды іздеуге мүдделіміз.

Біз ұзақ мерзімді негізде пайдалылықтың жоғарғы деңгейіне жетуге талпынудамыз және еліміздің гүлденуі мен дамуына елеулі үлесімізді қосудамыз.

Біздің клиенттермен, инвесторлармен, әріптестермен және басқа да ұйымдармен ара-қатынасымыз сенімділік және ашық мәдиенеттілік қағидаларымен орныққан.

Банктің құндылықтары:

  1. Ақырғы нәтижеге бағытталған
  2. Жауапкершілік пен сенімділік
  3. Барлығы клиентке
  4. Кәсіпқойлық
  5. Серпінділік
  6. Ынталылық пен жасампаздық
  7. Инновациялық
  8. Айқындық

Банктің 2017–2021 жылдарға стратегиялық мақсаты:

Банктің қысқа арада сапалы өсуіне келесі стратегиялық мақсаттарға жетуі негіз болады:

Банктің кредит қоржынындағы бөлшек кредиттеу үлесін өсіру және Банктің несие қоржынындағы проблемалы кредиттердің үлесін азайту. Сонымен қатар Банктің басымдылықты бағыты – ШОБ клиенттерін кредиттеу, ол үшін клиенттердің аталған санатын кредиттеудің өзінің және мемлекеттік органдармен бірлесіп жасаған бағдарламаларды дамыту жоспарланған.

Бұл ретте, бизнес көлемінің өсуіне, белсенді операциялар көлемінің артуына қарамастан, несие қоржынының сапасын жақсарту және несие қоржынындағы проблемалы кредиттердің үлесін азайту жұмыстары жалғастырала бермек. Банк тәуекелдердің барлық түрлерін кешенді басқаруды жүзеге асыруға ниетті.

Таза комиссиялық табыстың өсуін қамтамасыз ету. Операциялық шығыстардың орнын пайызсыз табыстармен өтеу үлесін арттыру. Даму стратегиясында клиенттерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету,  есеп айырысу-кассалық операцияларды көбейту, төлем және аударым бойынша төлем жүйелерінің операторларымен бірлесіп, науқан өткізу арқылы табыстарды арттыру, сатылымның басқа арналарын дамыту есебінен жалпы табыстағы пайызсыз табыстардың үлесін, клиенттік базаны көбейту қарастырылған.

Қашықтан қызмет көрсету арналарын дамыту және клиенттерге банкпен жұмыс істеу үшін қолайлы әрі қарапайым құралдарды пайдалануды ұсыну, оларға  жеке кәсіпкерлерге арналған ИП-Card және интернетте қауіпсіз төлемдерді жүзеге асыруға (WebCard арқылы әлемнің кез келген жерінде төлем жасауға болады) арналған WebCard кіреді.

Банк капитал деңгейін арттыруды тәуекелдің шегіне жеткізбей, Банктің Даму стратегиясын ескере отырып, Банктің табысын өсіру есебінен жасамақ.