800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Құрметті төлем карточкаларын ұстаушылар!

«Нұрбанк» АҚ сіздерді «Нұрбанк» АҚ-тың Басқармасы 2015 жылдың 18 желтоқсанында бекіткен № 1 өзгерістерді, № 102 хаттама; 2016 жылдың 17 маусымында бекіткен № 2 өзгерістерді, № 62 хаттама; 2017 жылдың 01 ақпанында бекіткен № 3 өзгерістерді, № 5 хаттама; 2017 жылдың 14 тамызында бекіткен № 4 өзгерістерді, № 60 хаттама; 2018 жылдың 16 желтоқсанында бекіткен № 5 өзгерістерді, № 14 хаттама, ескере отырып «Нұрбанк» АҚ-тың басқармасы бекіткен (2015 жылдың 18 мамырындағы № 37 хаттама) Банктік қызмет көрсету туралы келісімшартқа (бұдан әрі – Келісімшарт) келесі өзгерістер енгізілгендігі жөнінде хабарлайды.           

Келісімшарттың 2-қосымшасының 5-тармағында «Web-Card» төлем карточкасының қолданылу мерзімі 2 жылдан 5 жылға өзгертілді, Келісімшарттың 3-қосымшасының 3-тармағында «ЖК карточка» төлем карточкаларының қолданылу мерзімі 2 жылдан 3 жылға өзгертілді. Аталған өзгерістер 2019 жылдың 04 наурызынан бастап күшіне енеді және 13.11.2018 ж. бастап шығарылатын «Web-Card» төлем карточкалары мен 14.02.2019 ж. бастап шығарылатын «ЖК карточка» төлем карточкалары үшін жасалды. 

Енгізілген өзгерістермен келіспейтін жағдайда, Келісімшарттың шарттарына сәйкес Келісімшартта белгіленген тәртіпте Келісімшартты бұзу туралы жазбаша хабарламаны «Нұрбанк» АҚ-қа беру арқылы Келісімшартты орындаудан бас тартуға құқылы екендігіңізді естеріңізге саламыз.             

Осындай хабарламаны бермегеніңіз «Нұрбанк» АҚ-тың сайтында орналастырылған Келісімшарттың жаңа редакциясымен келісетініңізді және енгізілген өзгерістерді/толықтыруларды назарға алып, оған толық қосылатыныңызды білдіреді.     

 Банктік қызмет көрсету туралы келісімшарт