Су тасқынынан зардап шеккен клиенттерге кредиттер бойынша төлемдердің мерзімін ұзарту мүмкіндігі туралы хабарлама
8.04.2024
Құрметті клиенттер!
«Нұрбанк» АҚ Мемлекет басшысының төтенше жағдай аймақтарында зардап шеккендерге көмек көрсету жөніндегі тапсырмасы аясында зардап шеккен қарыз алушыларды қолдау бойынша келесі шараларды жүзеге асыруда:
— қарыз алушылар — жергілікті атқарушы органдардың тізімдері бойынша су тасқынынан зардап шеккендер санатына жатқызылған жеке тұлғаларға 2024 жылдың 1 сәуірінен бастап 30 маусымына дейін 3 күнтізбелік ай мерзімге қарызды өтеу мерзімін ұзарту қарастырылған;
— зардап шеккен қарыз алушылардың — су тасқынының салдарынан қаржылық жағдайы нашарлаған жеке тұлғалардың барлық кредиттері бойынша банк кешіктірілген төлемдері үшін айыппұлдар мен өсімақыны есептемейді;
— су тасқыны шаруашылық қызметінің бұзылуына әкелген зардап шеккен барлық жеке кәсіпкерлер мен шағын және орта бизнес субъектілеріне берілген өтінішті ескере отырып, кредит бойынша төлемдердің мерзімі ұзартылады.
Өтінім беру үшін Банк бөлімшелеріне хабарласу керек немесе онлайн өтініш қалдыру қажет:
Заңды тұлғаға/жеке кәсіпкерге арналған өтінім
Қосымша ақпарат алу үшін 2552 нөмірі бойынша Байланыс орталығына хабарласыңыз.
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.