800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

«Нұрбанк» АҚ эскизді жобаның талаптарына сәйкес паркинг аумағын асфальттау бойынша ашық тендер жүргізу туралы конкурсты хабарлайды.      

Конкурстың қорытындылары бойынша ең жақсы шарттар ұсынған компаниямен жеткізілім келісімшарты жасалады.         

Осы хабарламаның қосымшасында эскизді жоба және техникалық тапсырмамен таныса аласыз.        

Тендердің түрі: ашық        

Сауда-саттықтың басталуы: 2019 жылдың 26 шілдесінде сағат 14:30-да, Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайы бойынша          

Сауда-саттықтың аяқталуы: 2019 жылдың 6 тамызда сағат 16:00-де, Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайы бойынша           

Ұсыныстардың жиналуы: 2019 жылдың 7 тамызда сағат 14:00-ге дейін, Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайы бойынша           

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар:        

  • кәсіби құзыреттілігі мен жұмыс тәжірибесі 5 жылдан кем болмауы тиіс, жеткізілім келісімшартына сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстары болуы тиіс;       
  • ұсынымдар;       
  • «Нұрбанк» АҚ-да шот ашу;       
  • төлеуге қабілетті, таратылуға жатпайтын болуы тиіс, оның мүлкіне тыйым салынбаған, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте тоқтатылмаған болуы тиіс;          
  • асфальтбетонды төсеу технологиясы эскизді жоба мен техникалық тапсырмаға сәйкес болуы тиіс.       

Тендерге қатысу үшін құжаттардың келесі пакетін тапсыру қажет:

1-пакет: Заңды құжаттама

1) белгіленген формада тендерге қатысу туралы өтінім;  

2) құрылтай құжаттарының, заңды тұлғаны тіркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің (Жарғы, қосалқы құн салығы бойынша тіркеу есебіне қою туралы куәлік) нотариалды куәландырылған көшірмелері;          

3) мемлекет лицензиялайтын қандай болса да қызмет жүргізу лицензиясының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқасы) (егер сатып алынатын тауарлар/жұмыстар/қызметтер бойынша қызмет лицензиялануға жататын болса);          

4) уәкілетті тұлғаның – жеткізушінің өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;         

5) жеткізушінің Тендерге қатысу үшін уәкілетті тұлғаға берген сенімхаты;          

2-пакет: Қаржы құжаттамасы

1) қызмет көрсетуші банктен үміткердің банктік деректемелерін, үміткердің банк алдында мерзімі кешіктірілген берешегінің жоқ екендігін растайтын анықтаманың түпнұсқасы;       

2) заңды тұлғаның мөрімен бекітілген, бір жыл үшін заңды тұлғаларға арналған қаржы есептіліктердің, мөр болған жағдайда мөрмен бекітілген, жеке кәсіпкерлерге арналған салық декларациялардың көшірмелері;          

3) жеткізушінің тіркелген жері бойынша Салық комитетінің салық төлемдері бойынша берешектің жоқ екендігі туралы анықтаманың түпнұсқасы;       

4) міндеттемелердің уақытылы, толық орындалуы мен басқаларды (бар болған жағдайда) қоса әріптестік тәжірибесін бағалау мен сипаттамасы бар, жеткізушімен бұрын қызмет істеген заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің ұсынымдары мен пікірлерінің көшірмелері;          

5) материалдық-техникалық базаның бар екендігі туралы мәліметтер;        

6)  баға ұсыныстары;          

7) Тендер өткізілетін алдында 2 (екі) жыл бұрын Корпоративтік табыс салығы бойынша декларациялардың көшірмелері. Алдыңғы екі жылда салық есебінде залалдар болған жағдайда, қатысушы ұсынылған тауардың / қызметтің (кейін халықаралық іскерлік операцияның мәні болып табылатын, тауарларды/жұмыстарды/қызметтерді сатып алу бойынша) негізделген бағаларын беруі қажет.         

3-пакет: Өзге құжаттама

1) тауардың сипаттамасы, жеткізу шарттары, мерзімі.

2)  ықтимал Жеткізуші тендерлік өтінімін дайындау мен беруге байланысты барлық шығындарды артады, ал Банк пен тендерлік комиссия тендердің өткізілу сипаты мен қорытындыларына қарамастан, осы шығындар бойынша міндеттемелерді артпайды және жауап бермейді.          

Банктің Тендерлік комиссиясы тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға қатысты ақпаратты ықтимал қызметтерді жеткізушілерге немесе тендерлік өтінімдерді қарастыруға, бағалауға және салыстыруға ресми түрде қатыспайтын басқа тұлғаға ашпауға құқылы екендігін ескертеміз.        

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінімдер берген ықтимал жеткізушілерді тендердің болмайтыны немесе өткізілудің жаңа күнін көрсете отырып ауыстырылғаны туралы жазбаша хабардар ету арқылы тендердің өткізілуін болдырмауға немесе кейінге қалдыруға құқылы.      

Ықтимал жеткізуші тендерлік өтінімдерді берудің соңғы мерзімі аяқталғанға дейін өтінімін өзгертуге немесе қайтарып алуға құқылы.       

Байланысқа шығатын тұлға:

Келесі:

баға ұсыныстары және құжаттар пакетімен байланысты мәселелер бойынша мына тел: 8(7272) 599-710 ішкі 5068, +7 707 541 11 58 арқылы Бауржан Абжановпен хабарласа аласыз 


№2 Қосымша. Таңдау өлшемі (скачать. doc, 16 KБ)

Эскизді жобаның(скачать. doc, 2 МБ)