800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

«Нұрбанк» АҚ 6 Лот бойынша тұрғын емес үй-жайларды күзетуге қатысты қызмет қызметтеріне (қарусыз адам күшімен күзету) ашық тендер өткізетіні жайлы жариялайды. Күзет қызметін көрсетін орын мен мерзімі, айырмашылықтары тендер құжаттамаларында көрсетілген.

Тендердің нәтижесі бойынша ең қолайлы ұсыныс жасаған компаниямен 31.05.2020 жылға дейінгі мерзімге күзет қызметін көрсету туралы келісімшарт жасалады. Тендер өткізу барысында басқа тұлғалардың берген ұсыныс хаттары талап етілуі мүмкін.

№1 Лот. Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Шөлдала ст. 1 мекенжайында орналасқан 1,00 га іргелес жер учаскесі мен темір жолдық тұйығы бар, алаңы 182,9 ш.м. Мұнай базасы (ғимарат пен құрылыстар) (қарусыз, тәулік бойы); 

№2 Лот. Тараз қ. Жамбыл даңғылы, №2А мекенжайында орналасқан "Автовокзал" Жаға, жанар май құю стансасы, 1 күзет бекеті, тәулік бойы (қарусыз);

№3 Лот. Алматы қ., Павлодар көш., 7 мекенжайында орналасқан алаңы 1,0545га іргелес жер учаскесі бар, жалпы алаңы 910,00 ш.м. әкімшілік ғимараты, 2 күзет бекеті, тәулік бойы (қарусыз);

№4 Лот. Ақмола облысы, Астрахан ауданы, Жалтыр ауылы мекенжайында орналасқан 5,0535 га іргелес жер учаскесі бар, Мұнай базасы, 2 күзет бекеті, тәулік бойы (қарусыз);

№5 Лот. Қарағанды облысы, Саран қ., «Саран» кен байыту фабрикасының маңайы мекенжайында орналасқан алаңы 36,5460 га іргелес жер учаскесі бар, жалпы алаңы  23 126,9 ш.м. жылжымайтын мүлік, 4 күзет бекеті, тәулік бойы (қарусыз);

№6 Лот. Нұр-Сұлтан қ., Жиенқұлов көш., 5-үй мекенжайында орналасқан алаңы 0,1235 га іргелес жер учаскесі бар, жалпы алаңы 11 712 ш.м. ғимараттар мен құрылыстар.

Тендердің түрі: ашық.

Сауда-саттықтың басталуы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында, 2019 жылдың 23-мамырында, сағат 14.30-да басталады.   

Сауда-саттықтың аяқталуы: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында, 2019 жылдың 23-мамырында, сағат 16.00-де аяқталады.   

Ұсыныстар мен құжат топтамаларын қабылдау: Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В» мекенжайында, 2019 жылдың 22-мамырында, сағат 12.00-ге дейін жүргізіледі;

Жеткізушілерге қойылатын негізгі талаптар

  • Мәртебе – Заңды тұлға;
  • Резиденттік – Қазақстан Республикасы;
  • Қазақстан Республикасы аумағында адам күшімен күзет қызметін көрсетуге берілген мемлекеттік лицензиясы;
  • Әлеуетті жеткізушінің нарықтағы жұмыс тәжірибесі 2 жылдан кем болмауы тиіс;
  • Қазақстан өңірлерінде филиалы болуы (ұтымды болар еді);
  • Үшінші тұлғалардың, соның ішінде «Нұрбанк» АҚ тарабынан (бұрындары жасалған келісімшарттар бойынша) елеулі кінәрат-талаптар қоймауы;
  • Қажетті қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарының болуы;
  • Тендерге қатысу өтінімін берген және сатып алулар туралы келісімшарт жасау сәтінде төлемге қабілетті болып, салық пен бюджетке міндетті төлемдер бойынша берешегі болмауы тиіс; 

Қатысушы өзінің коммерциялық ұсынысын 2019 жылдың 22-мамыры, сағат 12:00-ге дейін, «Нұрбанк» АҚ-ның Алматы қ., Абай даңғ., 10 «В» мекенжайындағы Бюджеттендіру және контроллингі басқармасы Шығындар контроллингі және НҚ бөлімінің жетекші маманы Курманбаев Санжарға тапсыру керек.

Ақпарат LMenshova@nurbank.kz электрондық мекенжайда жариялануы тиіс. 

Тендерге қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру керек:

Заңдық құжаттама:

1)   осы хаттың №4 Қосымшасына сәйкес бекітілген үлгіде, қазақ/орыс тілдеріндегі тендерге қатысуға берілетін өтінім;

2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

3) Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесі; 

4) жеткізушінің өкілі -  уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

5) жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхаты;

6) заңды тұлғаның уәкілетті органының атқарушы органды (басшыны) сайлау (тағайындау) туралы шешімінің нотариалды куәландырылған көшірмесі. 

Қаржы құжаттамасы:

1) техникалық айырықшамаларын, жеткізу шарттары мен мерзімдерін қоса, баға ұсынысы; 

2) заңсыз жолмен тапқан табысын заңдастыруға (ақшаның ізін жасыру) және лаңкестікті қаржыландыруға қарсы әрекет ету мақсатында «Нұрбанк» АҚ-ның ішкі бақылау тәртібіне сәйкес толтырылған  заңды тұлғаның сауалнамасы;

3) үміткердің банктік деректемелерін және оған қызмет көрсетуші Банк алдында берешегінің жоқтығын растайтын анықтаманың түпнұсқасы;

4) заңды тұлғаның мөрімен расталған заңды тұлғаның бір жылғы қаржылық есептемесі, жеке кәсіпкерлер үшін мөрі болған жағдайда мөрмен расталған салық мағлұмдамасы;

5) жеткізуші тіркелген жергілікті Салық комитетінен алынған салық бойынша берешегі жоқ деген анықтаманың түпнұсқасы;

6) жеткізушімен бұдан бұрын әріптес болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің міндеттемелерді толық және уақытылы орындауын және басқаларын (болған жағдайда) қоса ынтымақтастық тәжірибесіне берген бағасы мен сипаттамасы қамтылған ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері;

7) материалдық-техникалық базасының болуы (болған жағдайда) туралы мәлімет;

8) Өткізілетін Тендердің алдындағы 2 (екі) жылдың Корпоративтік табыс салығы декларациясының көшірмесі. Алдынғы екі жылда салық есебінде шығын болған кезде қатысушыға ол ұсынған тауар/қызметтердің (халықаралық іскерлік операциялардың мәні болып табылатын сатып алынатын тауар/жұмыс/қызметтер бойынша) бағаларының негіздемесін беру қажет.

Өзге құжаттама

1)   Тендерлік өтінімді дайындау және оны беруге байланысты барлық шығыстарды әлеуетті жеткізуші өзі өтейді, ал Банк пен тендер комиссиясы тендерді өткізу сипаттамасы мен нәтижелеріне қарамастан ол шығыстар бойынша жауапты және міндетті емес.

Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.

Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін тендерлік өтінімді беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Байланыс орнататын тұлғалар:

  • Тендерге қатысу шарттарына және құжаттар топтамасына қатысты сұрақтармен Курманбаев Санжарға тел. 8 (727) 2 599-710 ішкі (5847);
  • Баға ұсыныстары мен басқа сұрақтармен Меньшова Лариса Павловнаға  тел: 8 (727) 2 599-710 ішкі 5634 хабарласу керек.

 

№1 Қосымша Техникалық айрықшама (.doc)

№2 Қосымша Таңдау өлшемі (.docx)

№3 Қосымша Сауалнама (.doc)