800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Құрметті ханымдар мен мырзалар,

«Нұрбанк» АҚ 2019 жылдың 07-қыркүйегінде өткізетін спорттық қайырымдылық Жүгіріс ұйымдастыруға қатысты қызмет көрсетілімдері бойынша жеткізушілерді таңдау үшін ашық тендер өткізетіні туралы хабарлайды.

Ірі спорттық шараларды ұйымдастыру тәжірибеңіз болған жағдайда сізді Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», №310 кабинетте 2019 жылдың 6-маусымы күні, сағат 14:30-да өтетін ашық тендерге қатысуға шақырамыз. 

Құжаттарды 2019 жылдың 05-маусымы күнгі сағат 12:00-ге дейін Алматы қ., Абай даңғылы, 10 «В», №204 кеңсеге әкеліп,  Курманбаев Санжарға табыстау керек.

Тендерге, ол өткізілетін уақытта келесі талаптарға сай келетін (қызметтерді әлеуетті жеткізуші) заңды тұлғалар қатыстырылады:

   1) (тапсырыс берушінің алғыс хаттарымен расталатын) ірі спорттық шаралар өткізуде кәсіби біліктігі мен тәжірибесі, қызмет көрсету туралы келісімшартқа сәйкес міндеттемелерді орындау үшін қажетті қаржы, материалдық және еңбек ресурстары  болуы тиіс;

   2) төлемге қабілетті, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте таратуға жатпауға, оның мүлкіне тыйым салынбауы, қаржы-шаруашылық ісі тоқтатылмаған болуы тиіс;

   3) тендерге қатысу өтінімін беру және қызмет көрсету туралы келісімшарт жасалатын күндері өзінің салық пен бюджетке төленуі тиіс басқа міндетті төлемдерді төлеу міндеттемелерін орындаған тұлға болуы тиіс; 

   4) әлеуетті жеткізушінің нарықтағы еңбек ету мерзімі 3 жылдан кем болмауы тиіс.

Тендерге қатысу үшін келесідей құжаттарды тапсыру керек:

1.  Заңдық құжаттама:

   1) белгіленген нысандағы тендерге қатысу өтінімі;

   2) заңды тұлғаның құрылтай құжаттарының (Жарғы, қосылған құн салығы бойынша есептік тіркеуге алынғаны туралы куәлік) тіркелгені/қайта тіркелгені туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

  3) әлеуетті жеткізуші тіркелген жергілікті Салық комитетінің салық бойынша берешегі жоқ деген анықтаманың түпнұсқасы;

  4) Мемлекет қайсыбір қызметпен (тауар/жұмыс/қызметтер сатып алу үшін лицензия керек қызметтер) айналысуға берген лицензиясының (салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын қоса) көшірмесі;

  5) жеткізушінің өкілі -  уәкілетті тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттың нотариалды куәландырылған көшірмесі;

  6) жеткізуші уәкілетті тұлғасына Тендерге қатысу үшін берген сенімхаты;

2. Қаржы құжаттамасы:

  1) баға ұсынысы;

  2) заңды тұлғалардың қаржы есептілігінің немесе жеке кәсіпкерлердің салық мағлұмдамаларының соңғы 12 (он екі) айғы көшірмелері;

  3) жеткізушімен бұдан бұрын әріптес болған заңды тұлғалардың/жеке кәсіпкерлердің міндеттемелерді толық және уақытылы орындауын және басқаларын (болған жағдайда) қоса ынтымақтастық тәжірибесіне берген бағасы мен сипаттамасы қамтылған ұсыныстары мен пікірлерінің көшірмелері;

Өз жағымыздан айтарымыз, Банктің Тендер комиссиясы тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға қатысты ақпаратты қызметтерді әлеуетті жеткізушілерге не болмаса тендерлік өтінімді қарауға, бағалауға және салыстырып қарауға ресми қатыспайтын кез келген тұлғаға ашуға құқылы емес.

«Нұрбанк» АҚ тендерлік өтінім берген әлеуетті жеткізушілерге тендер өткізілмейтіні, өткізілетін жаңа күнін көрсете отырып, тендер басқа күнге аударылғаны туралы хабарлай отырып, тендерді кейінге қалдыруға немесе өткізуден бас тартуға құқылы.

Әлеуетті жеткізуші өзінің өтінімін тендерлік өтінімді беру мерзімі аяқталғанға дейін өзгертуге немесе кері қайтарып алуға құқылы.

Тендер қызметтерді әлеуетті жеткізушінің уәкілетті тұлғасының қатысуымен немесе, егер уәкілетті тұлғасы тендерге қатыса алмаса, оның қатысуынсыз өтеді. 

Байланыс орнататын тұлға: Жарнама және жұртшылықпен байланыс басқармасының бастығы Синилова Марина Александровна, тел.+7 (727) 2 599 710, ішкі 5353,  +7 777 779 69 14, msinilova@nurbank.kz

№1 Қосымша. Техникалық айрықшама (скачать .xls, 16 KБ)

№2 Қосымша. Өтінім (скачать .doc, 32 KБ)