«Нұрбанк» АҚ акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының қорытындылары туралы
31.05.2022
«Нұрбанк» АҚ 2022 жылдың 26 мамырында өткізілген Банк акционерлерінің жылдық жалпы жиналысының (бұдан былай Жиналыс) қорытындылары туралы хабарлайды. Бекітілген күн тәртібіне сәйкес Жиналыста дауыс беру нәтижесі бойынша келесі мәселелер қарастырылды және келесі шешімдер қабылданды. Банктің 2021 жылғы шоғырландырылмаған қаржылық және шоғырландырылған қаржылық есептілігі бекітілді.
2021 жылдың 31 желтоқсанындағы аудит жасалған мәліметтерге сәйкес (мың теңге)
2021 жылғы шоғырландырылған мәліметтер
Активтер 457,773,239
Капитал 42,927,933
Клиенттер алдындағы міндеттер 340,496,805
Кредиттік қоржын 215,026,967
Кіріс 2,015,069
Комиссиялық кірістер 12,322,190
Таза пайыздық кіріс 14,070,901
2021 жылдың қорытындысы бойынша несиелік қоржынның 12%-ға артуы және депозиттік қоржынның 20%-ға өсуі есебінен Нұрбанк активтерінің өскені байқалады. Банк кредиттеудің артуын, активтер сапасының жақсаруын және банктің басты бизнес – үдерістерінің трансформациялануын есепке ала отырып, 2022 жылдың қорытындысы бойынша таза кіріс пен рентабельдіктің айтарлықтай артатындығын болжап отыр.
Нұрбанк» тұрақты түрде теңгерімді өтімділік тұғырын және капиталдың сәйкесті қорын қолдайды.
Жиналыста банктің жай акциялары бойынша дивидент төлемеу туралы шешім қабылданды.
Сонымен қатар, Жиналыс тәуелсіз директор – банктің директорлар кеңесінің мүшесі Ульф Вокурканың жеке бастамасымен, оның өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады. 2019 жылдың сәуір айынан бері У. Вокурка өзін жігерлі көшбасшы ретінде көрсетті және ол банктің дамуына айтарлықтай үлес қосты. Оның қатысумен банктің командасы активтердің сапасын бағалаудан өткізу (AQR) сияқты маңызды жобаларды табысты түрде жүзеге асырды, сондай-ақ күрделі пандемия кезеңінде банктің экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз етуге қажетті шараларды іске асырды.
Енгізілген өзгерістерді есепке ала алғанда Директорлар кеңесінің құрамына кіреді:
× Ержанова Раушан Зейнуллаевна – «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы;
× Сарсенов Эльдар Рашитович – «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
× Фролов Александр Леонидович, тәуелсіз директор - «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі;
× Камалеев Рустем Гумарович, тәуелсіз директор - «Нұрбанк» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі.
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)