Қазақстандық банктер мен байланыс операторларының бірлескен мәлімдемесі
7.04.2023
Beeline, Eurasian Bank, Forte Bank, Halyk Bank, Home Credit Bank, Jusan Bank, Kaspi Bank, Kcell, Nurbank, Tele2/Altel, Центр Кредит Банкі, Банк VTB (Қазақстан)
Құрметті клиенттер!
Соңғы уақытта қаржы алаяқтығының жаңа түрі пайда болды. Қаражатыңыздан айырылып қалмас үшін, сақтандыру мақсатымен сіздерге ескертуге асығамыз.
Алаяқ қазақстандық немесе шетелдік нөмірден қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырады. Ол телефон байланысы қорғалмағанын айтып, WhatsApp немесе басқа мессенджер арқылы сөйлесуді ұсынады.
Чатта алаяқ банк қызметкерінің қолдан жасалған куәлігінің фотосын жібереді.
Алаяқ сіздің қаражатыңызды біреулердің ұрлауға тырысып жатқанына сендіріп, оны «қауіпсіз шотқа» аударуға көндіреді. Бұдан кейін, ақшаны алып, із жасырады.
Біз қазақстандық банктердің қызметкерлері телефон арқылы сөйлесу кезінде қаражатты ешқашан басқа шотқа аударуды ұсынбайтынын, құпиясөздер мен кодтарды сұрамайтынын ресми түрде мәлімдейміз. Қазақстандық банктердің қызметкерлері клиенттеріне ешқашан шетелдік нөмірден қоңырау шалмайды.
Жаңа алаяқтық схемасы қалай пайда болды?
Әдетте алаяқтар шетелде отырады. Бұрын арнайы интернет-сервистердің көмегімен шетелдік нөмірлерін қазақстандық нөмір сияқты көрсете алатын. Алайда қазақстандық байланыс операторлары нөмірді ауыстырып көрсету мүмкіндігіне шектеу жасады. Осылайша, алаяқтарға өздерін қазақстандықтар сияқты көрсете алуы қиындай түсті, сондықтан олар шетелдік нөмірден қоңырау шалады. Олар шетелдік нөмірдің сенім ұялатпайтынын түсінеді, сондықтан аватарында танымал банктің логотипі көрсетілген, мессенджердегі «қорғалған чатта» жалғастыруды ұсынады.
Сонымен қатар қаскөйлер бұған дейін белгілі болған алаяқтық түрлерін-де қолдануды жалғастыруда. Өтінеміз, сақ болыңыз!
- Сөйлесуді бірден тоқтатыңыз (Өзіңіз қызметін тұтынатын банктің колл-орталығына қоңырау шалып, күдікті қоңырау туралы хабарлап, шоттарыңыздың тұтастығына көз жеткізуге болады).
- СМС хабарлама арқылы келген құпия кодтарды, интернет-банктегі жеке кабинетіңіздегі құпиясөзді ешқашан, ешкімге айтпаңыз
- Қоңырау шалғандардың өтінішімен басқа шоттарға қаражатыңызды аудармаңыз
- Олардың нұсқауымен бөгде мобильді қосымшаларды жүктеп алмаңыз!
- Таныс емес адамар жіберген сілтемелерді ашпаңыз.
Бұл қаржылай қауіпсіздіктің қарапайым ережелері сізге алаяқтардан сақтанып, қаражатыңыздан айырылып қалмауға мүмкіндік береді.
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)