Нұрбанктің рейтингі тұрақты болжам сипатымен расталды
21.08.2023
S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігі «Нұрбанк» АҚ-ның кредиттік рейтингін тұрақты болжамымен «В-/В» деңгейінде деп растады.
«Нұрбанк» АҚ-ның рейтингтері бойынша «тұрақты» деп болжануы қаржылық институттың активтерінің сапасын жақсартуға, қоржындағы проблемалы кредиттердің үлесін қысқартуға, капитал қорының көлемін жеткілікті етуге және өтімділіктің қажетті-деңгейін ұстауға бағытталған қызметінің нәтижелі екендігін растап берді. Агенттіктің мамандары банк қорландырудың тұрақты профильін қолдауды жалғастыра беретіндігіне үміттенеді.
Халықаралық беделді агенттік Нұрбанк үстіміздегі жылы проблемалы кредиттердің үлесін қысқарту және мейілінше жоғары пайыздық мөлшерлемелер аясында таза маржаны көтеру есебінен кіріске түрлендіру жүргізу қабілетін жақсарта алады деп үміттенеді. Нұрбанктің қорландыру және өтімділік көрсеткіштері банктік жүйе бойынша орташа көрсеткіштерге және қазақстандық көлемі кішігірім қаржылық ұйымдардың осыған ұқсас көрсеткіштерімен сәйкес келеді. Банк өтімділіктің жеткілікті қорын жасады, соның арқасында 2023 жылдың 01 шілдесіндегі мәліметтер бойынша өтімді активтердің кең көлемді көрсеткіші жиынтық активтердің 30%-дан астамын құрады, бұл, ағымдағы макро экономикалық жағдайдағы жағымды фактор болып табылатындығына талас жоқ. Есепте S&P Global Ratings «болжау көкжиегінің шегінде депозиттер, ағымы айтарлықтай көлемде болады деп күтілмейді» деп көрсетеді.
«Нұрбанк» АҚ Басқармасының Төрайымы Гульнара Мусатаева: «Тұрақсыздық пен жоғары-деңгейдегі құбылмалылық жағдайында „Нұрбанк“ АҚ-ның сенімділік рейтингінің расталуы және ықпалды халықаралық S&P Global Ratings рейтингтік агенттігінің оң мәндегі болжамдары банктің тұрақтылығын және клиенттердің қажеттіліктеріне дербес көзқарас, активтердің сапасын қолдау, тәуекелдерді салмақты тәсілмен бағалау және сапалы комплаенс негізінде таңдалған стратегияның тиімді екенін растау болып табылады. Рейтинг банкте капитал мен өтімділіктің жеткілікті қорлары бар екенін растады. Біздің клиенттеріміздің сенімі болмаса, мұндай жоғары көрсеткіштерге қол жеткізуде мүмкін емес еді; олардың кейбіреулері 25 жылдан астам уақыттан бері банктің қызметін пайдаланып келеді және осы жолдағы команданың әрбір мүшесінің күнделікті жанқиярлық еңбегі-де орасан зор. Сонымен қатар, 2023 жылдың бірінші жартыжылдығындағы шоғырландырылған есептілікке сәйкес таза табыс 4,3 миллиард теңгені құрағаны мені ерекше қуантады», — деп түсініктеме берді.
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)