ҚДБ мен Нұрбанктің алғашқы синдикаты RG Brands қуатын арттыруды қолдайды
29.12.2023
«Қазақстан Даму Банкі» АҚ (бұдан әрі – ҚДБ) «Нұрбанк» АҚ және «Банк ЦентрКредит» АҚ-мен бірге «RG Brands Kazakhstan» ЖШС-ның синдикатталған қарызы аясында қаржыландыру ниеті туралы үш жақты келісім жасады. Бұл қаржыландыру жаңа өндіріс желілерін кеңейту үшін қуат көзін арттыруға, сондай-ақ өнімді Өзбекстан Республикасына экспорттауға бағытталған.
Келісімге ҚДБ Басқарма Төрағасы Марат Елибаев, «Нұрбанк» АҚ Бақсарма Төрайымы Гульнара Мусатаева және «Банк ЦентрКредит» АҚ Басқарушы директоры Марат Карибжанов қол қойды.
Қаржыландырудың жалпы көлемі 30,4 млрд теңгені құрайды, оның 16,4 млрд теңгесі өндіріс қуатын кеңейтуге және 14 млрд теңгесі экспорт алдындағы қаржыландыруға жұмсалады.
«Ағымдағы жылда Қазақстан Президенті өзінің жолдауында синдикатталған кредиттеу тетіктерін белсенді түрде қолдану қажеттілігі туралы айтқан болатын. Аталған мәміле ҚДБ тарихындағы алғашқы іс-шара. Бұл – келешекте біздің сәтті серіктестігіміздің бастамасы болатынына сенімдімін. Қаржыландырудың мұндай түрі банктерге тәуекелдерді төмендетуге және жобаларды басқаруды жақсартуға мүмкіндік береді. Қарыз алушылар үшін жеңілдіктер бар шарттармен ұзақ мерзімге қаржыландыру шаралары кеңінен қолжетімді болады», - деп мәлімдеді ҚДБ Басқарма Төрағасы Марат Елибаев.
Өндіріс қуатын кеңейтудің нәтижесінде шырыны бар, шай, сондай-ақ газдалған және газдалмаған сусындардың көлемі екі есеге артады.
«Синдикаттар өздерінің кооперациясымен тиімді, себебі бір банк ірі жобаларды кредиттеу үшін үлкен соманы бөлуге дайын бола бермейді. Біз ҚР банктер нарығында осындай маңызды мәміленің қатысушы болу мүмкіндігі туғанын мақтан тұтамыз. Бұл мәміле «RG Brands Kazakhstan» АҚ-ға жеңілдікті шарттармен «ұзын ақшаға» қол жеткізуге және қолда бар өндіріс қуатын едәуір арттыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда Нұрбанк корпоративтік бизнес пен ШОБ клиенттерін белсенді түрде қаржыландырып келеміз. Мұндай шара еліміздің экономикасының жетісті дамуының негізі болып табылады», - деп атап көрсетті «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева.
* «Нұрбанк» АҚ-ның ҚР Қаржы нарығы реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылғы 3-ақпандағы №1.2.15/193 лицензиясы бар.
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)