Нұрбанк Лездік төлемдер жүйесінің қатысушысы болды
9.01.2024
Нұрбанк Лездік төлемдер жүйесіне (ЛТЖ) қосылды. ЛТЖ 24/7 тәртібінде қазақстандық қатысушы банктердің клиенттері арасында теңгемен аударымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Аударымдар ұялы телефон нөмірі арқылы жүзеге асырылады. Карта нөмірі мен басқа да деректемелерді сұраудың қажеті жоқ.
Бүгінгі таңда ЛТЖ қаржы қызметтерін тұтынушыларға қызмет көрсететін банкке қарамастан төлем құралдарын пайдалана отырып, ыңғайлы және қарапайым онлайн төлем сервисін ұсынады. ЛТЖ қаржы институттары ұсынатын цифрлық сервистердің спектрін дамыту және кеңейту үшін негіз болады.
Телефон нөмірі бойынша аударымдар үшін ақша жөнелтуші өз банкінің мобильді қосымшасында алушының ұялы телефонының нөмірін енгізуі, соманы теңгемен және алушының банкін көрсетуі қажет. Тарифтерді ЛТЖ қатысушылары дербес анықтайды. Әзірше комиссия – бір аударым үшін 10 теңге. Бір жолғы аударымның ең жоғары сомасы – 500 мың теңге.
«Нұрбанк мобильді қосымшасын пысықтап, клиенттерімізге ыңғайлы болу үшін жаңа цифрлық сервис – ұлттық валютада ақша аударудың қауіпсіз және жылдам әдісін енгізді. Нұрбанк өз клиенттеріне барынша ыңғайлы болу үшін бизнес үдерістерді оңтайландыруда», - деп атап өтті «Нұрбанк» АҚ Басқарма төрайымы Гульнара Мусатаева.
Лездік аударымдарды пайдалану үшін NUR24.kz мобильді қосымшасын жаңарту қажет. «Аударымдар» бөлімінде «Басқа банкке» мәзірін таңдаймыз, содан кейін «Телефон нөмірі бойынша» тармағын таңдап, ұялы телефон нөмірін, алушының банкін және соманы енгіземіз. Енгізілген деректерді тексеріп, код арқылы аударымды растау қажет.
«Нұрбанк» АҚ-да Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің 2020 жылдың 3 ақпанында берген № 1.2.15/193 лицензиясы бар.
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)