Рейтингілер бойынша болжам «Тұрақтылық» дәрежесінен «Позитивті» дәрежесіне арттырылды
19.03.2024
S&P Global Ratings Нұрбанктің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін «B-/B» деңгейінде растады және ұлттық шәкіл бойынша рейтингін «kzBB-»-ден «kzBB» деңгейіне көтерді.
Агенттік сарапшылары RAC коэффициенті (капиталдың жеткіліктілік коэффициенті) бұған дейінгі 6,5–6,8%-ғы болжамдармен салыстырғанда, 2024–2025 жылдары тұрақты түрде 7,0%-дан асады деп болжайды. Сонымен қатар S&P сарапшыларының алдағы 12–18 айда қаржы институты рейтингінің жоғарылауы мүмкін екендігін «Жағымды» рейтинг болжамы айқын көрсетіп берді.
«S&P Global Ratings ықпалды халықаралық рейтингтік агенттігінің „Нұрбанк“ АҚ сенімділік рейтингінің болжамын „Тұрақтыдан“ „Жағымдыға“ дейін қайта қарауы банктің капиталы мен өтімділік қорларының жеткілікті екенін растайды.
S&P Global Ratings бағалауы Нұрбанктің қаржы нарығындағы қызметінің болашағы мен таңдаған стратегиясының тиімділігін растайды, өйткені рейтингтер кредиттік мекеменің төлем қабілеттілігі мен сенімділігінің көрсеткіші болып табылады.
Агенттік сарапшыларының жалпы жағымды баға беруі банктің тұрақтылығын және таңдаған бағытының тиімді екенін, сондай-ақ қазіргі нарық жағдайында банк басшылығы қабылдаған стратегиялық шешімдердің дұрыстығын көрсетеді», — деп түсіндірді «Нұрбанк» АҚ Басқарма Төрайымы Гульнара Мұсатаева.
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)