«Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесінде өзгерістер орын алды
13.11.2024
«Нұрбанк» АҚ 2024 жылдың 08-қарашасында акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысы өткенін, онда Банктің Директорлар кеңесінің сандық құрамы кеңейтілгенін хабарлайды. Элиза Олжабаевна Қозыкеева, Аслан Бактыгереевич Талпаков, Искандер Ришатович Вахитов Директорлар кеңесінің жаңа мүшелері болып сайланды.
«Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі жиналысының қорытындысы бойынша келесідей құрам бекітілді:
- Раушан Зейнуллаевна Ержанова - Директорлар кеңесінің төрайымы
- Эльдар Рашитович Сарсенов – Директорлар кеңесінің мүшесі
- Элиза Олжабаевна Козыкеева – Директорлар кеңесінің мүшесі
- Аслан Бактыгереевич Талпаков - Директорлар кеңесінің мүшесі–тәуелсіз директор
- Искандер Ришатович Вахитов - Директорлар кеңесінің мүшесі–тәуелсіз директор
«Нұрбанк» АҚ-ның ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген 2020 жылдың 3 ақпанындағы №1.2.15/193 лицензиясы бар.
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)