Даму стратегиясы
Көрініс – Нұрбанк – бәсекеге қабілетті қаржылық өнімдер мен қызметтерді ұсынатын әмбебап банк.
Банктің миссиясы – табыстарға жету жолындағы сіздің сенімді қаржылық әріптесіңіз.
Бизнес-қағидаттар және Құндылықтар
Біз өз қызметімізді, біздер ұстанатын бизнес-қағидаттар мен құндылықтарға арқа сүйеп, клиенттеріміз сәтті дамуына арнаймыз.
Банктің барлық клиенттері — жеке тұлғалар, сондай-ақ ірі корпорациялар – сатылымның түрлі жолдары арқылы жоғары сапалы қаржылық қызметтерді қашанда ала алатынына сенімді.
Біз бизнес-үдерістерді жетілдіру, озық ақпараттық технологияларды енгізу және кәсіпқойлықты арттыру арқылы сервис деңгейін үнемі жақсартудамыз. Біздің қажыр-қайратымыз клиенттерге жедел және сапалы қызмет көрсетуге мүмкіндік береді.
Біз жұмыста қолайлы және тиімді ортаны қалыптастыру үшін Банк қызметкерлерінің дамып-өсуіне елеулі үлес қостық. Біз талантты және алғыр адамдарды іздеуге мүдделіміз.
Біз ұзақ мерзімді негізде пайдалылықтың жоғарғы деңгейіне жетуге талпынудамыз және еліміздің гүлденуі мен дамуына елеулі үлесімізді қосудамыз.
Біздің клиенттермен, инвесторлармен, әріптестермен және басқа да ұйымдармен ара-қатынасымыз сенімділік және ашық мәдениеттілік қағидаларымен орныққан.
Банктің құндылықтары:
Кәсіпқойлық
Біз кәсіпқойлар командасымыз, өзіміздің тәжірибеміз, білімділік бен құштарлығымыздың арқасында 30 жыл бойына биік белестерден көрінудеміз.
Ынталылық
Оң нәтижеге жету үшін қолымыздан келетінің барлығын істеудеміз. Белестерді бағындырып қана қоймай, одан да биік шыңдарды бағындыруға талпыныс жасаудамыз.
Командалық рух
Біз өзара үйлесімді, серіктес екендігін таныта білген, әріптесіне қашанда қол ұшын созатын команда болып жұмыс істейміз.
Салауатты өмір салты
Ол біздің өмір сапасын арттыру ұстанымымыз. Өйткені, жетістікке жету дегеніміз тек мансапқорлық қана емес, ол дегенің денсаулық пен сапалы өміріміз.
Әлеуметтік жауапкершілік
Мұқтаж адамдарға көмек көрсетіп, әлемді сазды және қайырымды ете отырып, қоғамға пайда әкелудеміз.
2023-2025 жылдарға арналған негізгі стратегиялық мақсаттар:
• Клиенттерді, олардың қалауына сай келетін, бәсекеге қабілетті инновациялық өнімдер мен қызметтермен қамтамасыз ету және клиенттерге қолайлы цифрлық жолдарын ұсыну
• Банктің ұзақмерзімді қаржылық тұрақтылығы мен кредиттік рейтингін арттыру
• 2026 жылдың соңына қарай кемінде 14 миллиард теңгені құрайтын таза кіріске қол жеткізу
• Банктік саладағы ІТ жетілдіру, ішкі операциялық тиімділікті одан әрі арттыру
• Кросс-сатылымдар мен ESG бағытын дамыту
Стратегияны «Нұрбанк» АҚ Директорлар кеңесі бекіткен.
2022 жылдың «27» қыркүйегіндегі №77-(22) хаттама.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)