2014 жылы бастау алған «Өмірге жолдама» әлеуметтік бағдарламасы 2015 жылы Алматы қаласындағы банк секторы және республикалық ұйымдар арасында өткен «Жүректен - жүрекке» байқауында ең үздік әлеуметтік-қайырымдылық жоба ретінде танылды. Байқауды Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды.
Бағдарлама аясында Банк балалар мекемелерінің түлектеріне Алматы қаласындағы Caspian University университетінде жоғары білім алуға мүмкіндік береді. Банк барлық оқу, өмір сүру, тамақтану, жол жүру шығындарын, сондай-ақ ай сайынғы стипендия төлемдерін өз мойнына алады. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша оқитын студенттер болашақта 100% жұмысқа орналасады.
Қолдау университетті аяқтағаннан кейін де жалғасады: түлектер Банктің көптеген аймақтық бөлімшелерінде немесе оның серіктес компанияларында жұмысқа орналасады. 2022 - 2023 жылдары «Өмірге жолдама» жобасы бойынша Caspian University-де 1-ден 4-ке дейінгі курстарда 27 студент оқуда. Жоба барысында бағдарламаға 63-тен астам жас түлек қабылданды. Әр жыл сайын біз бағдарлама аясында үміткерлер ағымын жүйелі түрде арттырып отырмыз.
Жылу сыйлау уақыты

Бағдарламаға қатыса алатындар: 16-19 жас аралығындағы Қазақстан Республикасы азаматтары, 11 сынып оқушылары немесе колледждің соңғы курс студенттері, жетім немесе ата-ана қамқорлығынсыз қалғандар (АПР).
Бағдарламаға қатысуға құжаттар жыл сайын 20 сәуірден 30 сәуірге дейін media@nurbank.kz электрондық поштасы арқылы қабылданады.
Бір хатқа келесі құжаттардың көшірмелері қоса тіркелуі тиіс:
Жобаға қатысу мәселелері бойынша PR бөліміне хабарласыңыз