Клиенттерге операциялық қызмет көрсету: жеке тұлғалар, заңды тұлғалар, соның ішінде VIP санатындағы клиенттер, филиалдардың және өкілдіктердің заңды тұлғалары, жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, жеке сот орындаушылары, нотариустар, адвокаттар және кәсіби медиаторлар (бұдан әрі – Клиенттер).
Клиенттерді кеңес беру, сонымен бірге Автоматтандырылған банк ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – АБИС) операцияларды жүргізу.
Клиенттің заңсыз алынған кірістерді заңдастыру (ақша жуу) және терроризмді қаржыландыру мәселелері бойынша бастапқы бағалауды өткізу.
Клиенттердің банк шоттары мен салымдарын/депозиттерін Банктің операциялық күн жүйесінде ашу.
АБИС-те Клиенттің берілген өтініші негізінде банк шоттарын/салымдарын жабу.
Клиенттердің карталарын енгізу, АБИС-те Клиенттердің банк шоттары/салымдарын ашу және жүргізу.
Клиенттің төлемдер мен аударымдарды ұлттық және шетел валютасында жүргізу жөніндегі нұсқауларын/өтініштерін қабылдау, тексеру және орындау.
Білім:
жоғары/аяқталмаған жоғары/орта арнайы білім
Жұмыс тәжірибесі:
екі деңгейлі банктің операциялық бөлімінде кемінде 6 (алты) ай немесе жұмыс тәжірибесі жоқ болуы мүмкін, егер "Нұрбанк" АҚ-да оқу (стажировка) 10 күннен 1 (бір) айға дейін өтсе.
Білімдер:
компьютерде жұмыс істеу дағдылары, MS Office стандартты пакеті бағдарламаларын білу (пайдаланушы);
іскерлік қарым-қатынас этикасы дағдылары;
грамматикалық жазбаша және ауызша сөйлеу;
еңбекті қорғау, еңбек ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы, ішкі еңбек тәртібінің ережелері мен нормаларын білу.