Қаржылық есептілікті Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына сәйкес жеке және шоғырландырылған түрде уәкілетті мемлекеттік органдарға, басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарға, оның ішінде бас компанияға қалыптастыру және уақтылы ұсыну.
Бас және еншілес ұйымдар арасындағы активтер мен міндеттемелер бойынша ай сайынғы өзара есеп айырысуды жүзеге асыру.
Аудит жүргізу үшін аудиторлық компанияны таңдау іс-шараларын жүргізу.
Аудит жүргізу үшін аудиторлық компаниямен келісімшарт дайындау және жасасу, келісімшарт бойынша төлемді қамтамасыз ету.
Баланс/ұсынылған есептілікте, ақпаратта, сондай-ақ жүргізілген операцияларда анықталған кемшіліктер бойынша түсініктеме беру үшін құрылымдық бөлімшелерге, еншілес ұйымдарға сұраулар дайындау және жіберу.
Банк интернет ресурсында, Қаржылық есептілік Депозитариясында, «Қазақстан қор биржасы» АҚ тоқсандық, жылдық, жеке және шоғырландырылған есептіліктерді орналастыру.
Банк белгілеген тәртіпте Басқарманың есептілігін сақтау, дайындау және мұрағатқа тапсыру.
Еншілес ұйымдарға жеке және шоғырландырылған қаржылық есептілік аудитін жүргізу бойынша ақпарат дайындау бойынша кеңес беру.
Басқарма өкілеттігіне қатысты ішкі нормативтік және ұйымдастыру құжаттарын әзірлеуге және келісуге қатысу.