Ішкі бақылауды мониторингтеу бойынша бас маман

Ішкі бақылауды мониторингтеу бойынша бас маман

Қауіпсіздік
Алматы
Вакансияға жауап беру

Міндеттер:

Қорғаудың инженерлік-техникалық құралдарының (бейнебақылау жүйесі, күзет сигнализациясы, өрт сигнализациясы және кіру бақылау жүйелері) техникалық сипаттамаларын пайдалану және білу, белгіленген талаптарға сәйкес олардың жұмысқа қабілеттілігін қамтамасыз ету. Бас банк ішіндегі объекті және өткізу режімдеріндегі бейнебақылауды, оның материалдық және қаржылық құралдарының сақталуын, Банктің филиалы қызметкерлерінің, бас банк аумағында орналасқан клиенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Объектідегі төтенше және штаттан тыс жағдайларға жедел әрекет ету. Бейнежазбаларды қарау, бейне мұрағаттармен жұмыс

Білім:

  • жоғары заңгерлік/ІІМ/ІӘ/ҰҚК, техникалық (қазақстандық) білім;

Жұмыс тәжірибесі:

  • құқық қорғау органдарында (ІІМ, ҚБПҰК, ҰҚК) кемінде 2 жыл немесе банктік немесе қаржылық құрылымда мамандық бойынша кемінде 1 жыл жұмыс тәжірибесі;
  • бейнебақылау операторы ретінде жұмыс тәжірибесі құпталады.

Лауазымдық міндеттерді жүзеге асыру үшін қажетті жалпы білім/дағдылар:

  • Компьютерде жұмыс істей білу, негізгі MS Office стандартты бағдарламаларын білу (пайдаланушы);
  • Іскерлік қарым-қатынас әдептерін білу;
  • Сауатты жазба және ауызекі сөз сөйлеу;
  • Еңбекті қорғаудың, еңбек ұйымының қауіпсіздік техникасы және ішкі еңбек тәртібі ережелері мен нормаларын білу;
  • Зейінділік;
  • Сабырлық;
  • Қырағылық;
  • Орындаушылық.

Тілдерді білу:

  • мемлекеттік;
  • орыс;
  • ағылшын – қажет болған жағдайда.
13.12.2024
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз