Кассалық операциялар бойынша кассир

Кассалық операциялар бойынша кассир

Операциялық қызмет
Тараз
Вакансияға жауап беру

Міндеттері:

  • Жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне, жеке кәсіпкерлерге, шаруа қожалықтарына, жеке сот орындаушыларына, нотариустарға және адвокаттарға (бұдан әрі - Клиенттер) есептік-кассалық қызмет көрсету.

  • Банктің ішкі құжаттарының талаптарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық актілерін, басқа да реттеуші және уәкілетті органдардың құжаттарын білу және олардың талаптарын орындау.

  • Клиенттерден ұлттық және шетелдік валютада ақша қабылдау, санау, беру және айырбастау рәсімдерін кассалық құжаттарға сәйкес орындау.

Білімі: 

  • Жоғары/аяқталмаған жоғары/орта-арнайы білім;

Жұмыс тәжірибесі: 

Екінші деңгейдегі банктердің кассалық немесе бухгалтерлік бөлімдерінде, басқа ұйымдарда жұмыс тәжірибесі кемінде 6 (алты) ай немесе «Нұрбанк» АҚ-да 10 күннен бастап 1 айға дейін оқу (практика) кезінде жұмыс тәжірибесінің болуы міндетті емес.

Міндеттерді орындау үшін қажетті жалпы білім/дағдылар:

  • Компьютерде жұмыс жасау дағдылары, MS Office стандартты пакетін білу (пайдаланушы);

  • Іскерлік қарым-қатынас этикасын білу;   

  • Сауатты жазбаша және ауызша сөйлеу;

  • Еңбек қорғау, еңбек ұйымдастыру, қауіпсіздік техникасы, ішкі еңбек тәртібі ережелерін білу.

Тілдерді білу: 

  • Мемлекеттік тіл;

  • Орыс тілі; 

  • Ағылшын тілі – қажет болған жағдайда.
23.09.2024
Вакансияға жауап беру
PDF, DOC, DOCX немесе PPTX форматындағы файлды тіркеңіз