Эквайринг
Біз сізге компанияңыздың сауда желісінде эквайрингтік қызмет үшін қолма-қол ақшасыз төлем жасау үшін VISA халықаралық төлем карточкасын қабылдайтын өзіміздің жабдықтарды орнатып беруді ұсынамыз
Эквайринг — тауар мен қызметтерге төлем жасау үшін төлем карточкаларын пайдалана отырып сауда және сервис кәсіпорындарына қолма-қол ақшасыз төлемдерді қабылдауға мүмкіндік беретін банктік қызмет
Эквайрингтің сауда және сервис кәсіпорындары үшін артықшылықтары
- Банк карточкаларының ұстаушыларын тарту арқылы клиенттік базаны кеңейту;
- Клиенттерге төлем жасаудың кең нұсқаларын ұсына отырып бәскеге қабілеттілікті арттыру;
- Есеп-айырысудың қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
- Сауда айналымын ұлғайту: карточка ұстаушылар тек қолындағы ақшамен шектеліп қоймай ойланбастан сауда жасай береді, өйткені кредиттік карточкалармен төлем жасау мүмкіндігін беретін арнайы жабдықтарды (POS-терминалдар) орнатқан кезде сауда 30-40% өседі, статистикамен дәлелденген;
- Қолма-қол ақшаны инкассолау шығыстары қысқарады;
- Қолма-қол ақша қабылдауға байланысты тәуекелдер азаяды;
- Тауар мен қызметтер сатылымын есепке алынуы және бақылауы оңтайлана түседі;
- Кәсіпорынның мәртебесі арта түседі.
«Нұрбанк»АҚ-дағы эквайринг қызметінің артықшылығы
- Барлық қажетті жабдықтарды (POS-терминалдарды) тегін орнату;
- Қызмет көрсеткені үшін оңтайлы комиссия;
- Сіздің ақшаңызды сауда орнының есеп-айырысу шотына қысқа мерзімде есепке алу;
- Шығыс және жарнамалық материалдарды тегін беру;
- Сіздің ұйымыздың жұмыскерлерін карточка ұстаушыларына қызмет көрсету тәртібін және төлем карточкасын пайдаланып жасалған перацияларды рәсімдеуді тегін оқыту;
- Операицяларды рәсімдеген кезде қиыншылықтар туындаған кезде шұғыл кеңесі беру.
Банк тауар мен қызметтер төлеміне карточкаларды қабылдау үшін сауда-сервистік кәсіпорындарға келесі жабдықтарды ұсынады:
- POS-терминал – нақты уақыт режимінде процессингтік орталыққа қосылған электронды құрылғы. POS-терминалды пайдалану VISA Electron карточкалары есебінен төлемге қабылданатын карточкалардың ауқымын кеңейту, төлем опеарцияларының жылдамдығын арттыру және жасалған операциялар бойынша қаражатты өтеу мерзімін қысқарту мүмкіндігін береді.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.
+7 (727) 244-44-44 тәулік бойы
ҚР және шетелдегі клиенттер үшін
+7 707 000 25 52 WhatsApp (тәулік бойы)