Жалақылық жоба
«Жалақылық жоба» — ұйым жұмыскерлеріне жалақы төлеудің ең заманауи тәсілдерінің бірі болып табылады, есеп айырысулардың қарапайымдылығын, қолайлығын және қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Еңбекақы төлеу жөніндегі ұсынылып отырған бағдарлама арқылы ақша қаражаттарын ұйым жұмыскерлерінің төлем карточкаларының шоттарына тікелей аударуға болады. Жұмыскерлер өз қаражаттарын «Нұрбанк» АҚ-ның төлем карточкалары арқылы өздеріне ыңғайлы кез келген уақытта пайдалана алады.
Ұйымдар үшін «Жалақылық жобаның» артықшылықтары:
- Жалақы төлеуге байланысты қаражаттарды үнемдеу: банкте қолма-қол ақша алу қажеттілігі жоқ, сондай-ақ жалақы беру үшін кассирлер штатын ұстау қажет емес;
- Ақша алуға байланысты ұйым жұмыскерлерінің уақытша шығындары қысқартылады, себебі жалақы төлеу үдерісі кәсіпорыннан және жұмыс уақытынан тыс жүзеге асырылады;
- Жалақыны тасымалдау және төлеу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге байланысты шығындар толығымен жойылады;
- ҚР қолданыстағы заңнамасымен қарастырылған барлық төлемдерді (жалақы, сыйлықақылар, арнаулы төлемдер және т.б.) аудару мүмкіндігі;
- Ұйымның әр жұмыскеріне төлем карточкалары бойынша толық үзінді көшірме беру.
Жұмыскерлер үшін «Жалақылық жобаның» артықшылықтары:
- Жалақыны кез келген қолайлы уақытта, тәулік бойы алу;
- «Visa/MasterCard» халықаралық карточкалары төлем жасау үшін бүкіл әлем бойынша 20 миллионнан астам қызмет көрсету орындарында қабыладанады. Бұл дегеніміз миллиондаған дүкендер, мейрамханалар, қонақ үйлер, сондай-ақ:
- 700 мыңнан астам банкоматтар;
- Интернет арқылы тауарлар сатып алу мен қызметтерді пайдалану;
- Шет елге кірген кезде шоттағы ақшаны декларациялау қажет емес;
- Ақша жұмсау лимитін белгілеу арқылы қосымша карточкаларды рәсімдеу мүмкіндігі;
- Интернет-банкинг Open24 арқылы жеткізушілердің қызметтері үшін төлем жасау, ақша қаражаттарын аудару;
- Тәулік бойы қызмет — ақпараттық кеңестер және карточкаларды пайдалану кезінде туындаған мәселелерді шешу.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.