Сауданы қаржыландыру
«Нұрбанк» АҚ, шетелдік және отандық серіктестермен жасалатын экспорттық және импорттық мәмілелерде Сауданы қаржыландыру құралдары арқылы қаржыландарудың кешенді қызметтерін пайдалана отырып, жүзеге асыруды ұсынады.
Сауданы қаржыландыру — бұл Құжаттамалық аккредитив және Банк кепілдемесі деп аталатын құжаттамалық операциялар құралдарын пайдалана отырып, экспорт-импорт мәмілелері бойынша сыртқы сауда операцияларын жүзеге асырудың жолы.
Сауданы қаржыландырудың мақсаты:
- сыртқы сауда, саясат, коммерция мен қаржы тәуекелдерін мейілінше азайту;
- алынып жатқан өнім үшін кредит мерзімін ұзарту және/немесе төлем мерзімін ұзарту;
- қаржы ресурстарын үнемдеу;
- өз айналымындағы капиталдан ресурстар тартпастан, меншікті қаражаттарын пайдаланудың тиімділігін арттыру;
- контрагенттер ауқымын кеңейту;
- алынатын өнімдердің көлемін арттыру және бизнесті дамыту.
Сауданы қаржыландыру клиенттері:
- Импорттық жабдықтарды сатып алу арқылы негізгі құралдарын жаңартуды немесе жаңа өнім шығаруды жоспарлап отырған кәсіпорындар
- Импорттық тауарлар мен жабдықтардың әр түрін жеткізіп берумен тұрақты айналысатын кәсіпорындар
- Тауарлар, шикізаттар мен жабдықтардың әр түрін экспорттық жеткізілімін тұрақты айналысатын кәсіпорындар
«Нұрбанк» АҚ – пен ынтымақтастықтың артықшылықтары:
- Халықаралық жоғарғы рейтинг;
- Ауқымды корреспонденциялық жүйе;
- Халықаралық қаржы ресурстарының қол жетімділігі;
- Қаржыландырудың икемді және ыңғайлы түрлері;
- Есептесудің/қаржыландырудың оңтайлы схемасын анықтау;
- Халықаралық қызмет аясындағы көпжылдық тәжірибе;
- Корпоративтік клиенттердің мақсатты клиентурасымен жұмыс жүргізудің мол тәжірибесі;
- Европаның алдыңғы қатарлы банктерінде тәжірибеден өткен білікті қызметкерлер құрамы;
- Жедел және сапалы қызмет көрсету;
- Сауданы қаржыландырудағы құралдарға көрсетілетін қызметтің бәсекеге қабілетті мөлшерлемелері мен тарифтері.
«Нұрбанк» АҚ-тан қаржыландыруды алу үшін не қажет:
- 100% ақшалай орнын толтыру немесе кепілзаттық қамтама (жылжымайтын
- Жоба немесе сыртқы сауда өзарашартының көшірмесі;
- Сауданы қаржыландыру құралдарын шығаруға берілген өтініштің түпнұсқасы (Аккредитив/банк кепілдемесі).
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.