Шағын және орта кәсіпкерлікті жеңілдікпен кредиттеу бағдарламасы
Қарыз алушылар: |
Төмендегі өлшемдерге сәйкес төтенше жағдайдың (коронавирустік инфекцияның (COVID-19) таралуына байланысты) енгізілуі салдарынан қаржылық жағдайының нашарлағанын куәландыратын растамасы бар, ҚР резиденттері болып табылатын шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілері: Төменде аталған бір немесе бірнеше жағдайлар төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты ШОК субъектісінің қаржылық жағдайының нашарлағанын куәландыратын өлшемдер болып табылады: төтенше жағдай режимі әрекет еткен кезеңде және оның күші жойылғаннан кейінгі 2 ай ішінде сатылған тауарлар және (немесе) қызметтер көлемінің төмендеуі, сатып алушылардың төлемдерінің кешіктірілуі, штаттағы жұмыскерлер санының қысқаруы. |
Кредиттің ең жоғары сомасы: |
Заңды тұлғалар үшін – 3 миллиард теңгеге дейін, ЖК үшін – 50 миллион теңгеден аспайтын. |
Қарыз валютасы: |
теңге |
Сыйақының номиналды мөлшерлемесі: |
жылдығы 8% |
Сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі: |
жылдығы 8,2% бастап |
Қаржының пайдалану мақсаты: |
Айналымдағы қаражатты толықтыру (тауарлар мен өзге де материалдық құндылықтарды, жұмыстарды, қызметтерді сатып алу; қорларды, шығыс материалдары мен шикізатты толықтыру; ассортиментті кеңейту; келіскен міндеттерін орындау; ағымдағы шығыстарды, соның ішінде әкімшілік шығыстарды жүзеге асыру, мысалы, жұмыскерлерге еңбекақы төлеу, салықтарды ж.б. төлеу). |
Қаржыландыру мерзімі: |
21.04.2021 жылға дейін
|
Комиссиялар: |
Қарыз алушы қарыз шарттарын бұзғаны және (немесе) өзгерткені үшін алынатын комиссияларды қоспағанда, қарыз бергені және қызмет көрсеткені үшін және (немесе) кредиттік желі шеңберінде жаңа қаражаттандыру жасағаны үшін комиссия алынбайды; |
Ерекше шарттар: |
1. Қарыз ШОБ-тың келесі субъектілеріне берілмейді: - кредиттік бюроның мәліметтеріне сәйкес төтенше жағдай енгізілген күні 90 (тоқсан) күнтізбелік күннен асқан мерзімі кешіктірілген несиелік берешегі бар; - Банкпен ерекше қатынаспен байланысқан тұлға болып табылатын; - Қазақстан Республикасының бей резиденті болып табылатын; - үлескерлері (соның ішінде қатысушылар, акционерлері) мемлекеттік кәсіпорындар (мекемелер), ұлттық басқару холдингтері, акцияларының елу және одан жоғары пайызы (жарғылық капиталдағы қатысу үлесі) тікелей немесе жанама түрде үкіметке тиесілі ұлттық басқару холдингтері, ұлттық компаниялар мен ұйымдар, сонымен қатар меншік формалары жеке мекеме және коммерциялық емес ұйым ретінде рәсімделген ШОБ субъектілері; 2. Кредиттік қаражаттарды контрагенттің ағымдағы шотына аудару арқылы Қарыз алушылар кредиттік қаражаттарды қолма-қол емес формада пайдаланулары тиіс. 3. Қарыз алушы өлшемдерді растау мақсатында төмендегі ақпараттарды береді: тауарлардың өтуі туралы жазбаларды қосқанда, басқарушылық есептілікті немесе дебиторлық берешектің үзінді – көшірмелерін, немесе жұмыскерлердің еңбекақы сақталмайтын демалыс алуға берген өтініштерін немесе төтенше жағдайдың енгізілуіне байланысты қарыз алушы қызметінің уақытша тоқтатылғанын растайтын құжатты немесе басқа да құжаттарды. 4. Бағдарлама шеңберінде қаражаттандыру алған Қарыз алушы «БЖК – 2025» шеңберіндегі қаражаттандыру бағдарламасына қатысу үшін өтінім беруге құқылы. |
* Бағдарламаны жүзеге асыру шартары бойынша өзге шектеулерді Банк жұмыскерлерінен анықтау қажет.