800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Интернет-банкинг

Құрметті Клиенттер, «Нұрбанк» АҚ  Сіздерге  біздің заңды тұлғаларға қашықтан банктік қызмет көрсету жүйемізді пайдаланғандарыңыз үшін алғыс білдіреді.

СКЗИ TUMAR (бұдан әрі - TUMAR) шифрлану бағдарламасының жұмысына қатысты келесі ақпаратты сіздердің назарларыңызға ұсынамыз. 

Microsoft компаниясы жаңа Windows 10 операциялық жүйесінің шыққандығы туралы хабарлайды. Бұл ОЖ Windows 7 немесе 8 үшін өңделген криптографиялық бағдарламалардың түзету жұмыстарына әсер ететін ақпараттық қауіпсіздікке байланысты бірқатар ерекшеліктерге ие.

Көрсетілген себептер күшіне орай 6 нұсқадағы TUMAR криптовайдерін Windows 10-да пайдалану мүмкін емес.

Жоғарыда келтірілгендерге байланысты оны пайдалануды қажет ететін компютерлердегі осы аталған криптопровайдер шығарылғанға дейін Windows 10 операциялық жүйесін жаңғыртапауды ұсынады.

Windows 10-ға арналған криптопровайдердің жаңа нұсқасының шыққандығы туралы қосымша хабарланатын болады. 

Сонымен қатар сіздер барлық ақпаратты www.gamma.kz компаниясының сайтынан біле аласыздар.  

«CORREQTS» Интернет-банкингі  - бұл заманауы, ыңғайлы, қауіпсіз және қашықтан банктік қызмет көрсетуді қолданатын жүйе, оның көмегімен Интернет арқылы заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер өз шоттарын басқара алады. Осы жүйенің көмегімен Сіз Банкке барып-қайтуға жұмсаған көлік пен кеңсе шығындарын, уақытыңыз бен қаржы шығындарын мейілінше азайта аласыз.  

«Интернет-банкинг» қызметі банктік шоттарыңызға өзіңіз қалаған уақытта кіре беруге мүмкіндік береді.  Сонымен бірге есептік операциялар жасау үшін Сіздің банкке баруыңыздың қажеті жоқ.

Бұл жүйенің «Банк-Клиент» жүйесінен айырмашылығы: арнайы бағдарлама алып, оны орнатып жатудың керегі жоқ, келісімшартқа қол қойғаннан кейін өздігіңізден жүйеге қосыла бересіз.

«CORREQTS» Интернет-банкинг жүйесінде жұмыс істеу үшін төмендегілер қажет:

  • «Нұрбанк» АҚ-дағы ағымдағы шот, егер болмаса, оны ашуға жасалған келісімшарт.
  • Интернетке қосылған дербес компьютерді дайындау.
  • «Интернет-банкинг» жүйесінде электронды банктік қызметтерді ұсыну туралы келісімшарт жасау үшін Банк филиалының менеджеріне хабарласу.

«CORREQTS» Интернет банкингтің мүмкіндіктері:

  • Банктік шоттарға тәулік бойы бақылау жасау.
  • Интернет желісінің көмегімен кез келген елден кез келген кезең ішіндегі шоттағы қозғалысты қадағалау.
  • Банкішілік және банктер аралық аударма операцияларын жасау.
  • Құжаттар күй-жайының өзгерістері мен төлем жасалу барысы туралы хабарламаларды банктен алып тұру.
  • Келесі істерді рәсімдеу және жасау:

— тізім қосылған төлем тапсырмасын (еңбекақыларды аудару, зейнетақыларды аудару, әлеуметтік төлемдер жасау);
— ұлттық және шетел валютасындағы төлем тапсырмаларын.

  • Бюджетке төлем жасау.
  • Валюта сатып алу мен сату.
  • Банкке хат жіберу және жауабын алу.
  • Банкке берілген төлем құжаттарының мұрағатын жасау, банктен үзінді-көшірме алу.

«CORREQTS» Интернет банкингтің артықшылықтары:

  • Банк клиенттері үшін қарапайым және ыңғайлы.
  • Техникалық талаптардың ең аз мөлшері.
  • Интернет желісі болған жерде кез келген уақытта банктік операциялар жасау.
  • Жүйенің интерфейсын түсіну жеңіл және ол ақпараттық технологиялар туралы білімі аз қолданушыларға арнайы икемделген, ал жүйедегі көмек сөздердің жәрдемімен банктік операциялар жасаудың қыр-сырын біле бермейтін кісінің өзі жұмыс істей алады.
  • Клиент жүйенің бас бетінен шоттардың күй-жайын, шотта жасалған соңғы операцияларды, Банктен түскен хат-хабарларды, сонымен бірге банктің жедел хабарламаларын бірден көреді.
  • Қашықтан басқару режимінде корпоративтік клиенттерге толыққанды, ыңғайлы, қауіпсіз қызмет көрсетуге жарамды жүйе қызмет етеді.
  • «CORREQTS» - қауіпсіздіктің соңғы талаптарына жауап бере алатын қашықтан банктік қызмет көрсетудің заманауи құралы.
  • Төлем құжатындағы толтырылатын алаңдардың дұрыс толтырылуын қадағалайтын автоматты бақылаушы төлем құжатын толтыруда кететін қателерді азайтады.
  • Компьютер бұзылғанда немесе оны ауыстырғанда, операция жүйесін жаңартқанда локалдық мәліметтер сақталмай қалады деп уайымдамайсыз. .
  • Көптарапты пайдалану режимінде құжатпен жұмыс істеу мүмкіндігі – офисте отырған бухгалтер құжатты жасайды, ал іссапарда жүрген директор төлем тапсырмасына бірден қолын қояды.  
  • On-line түрінде құжаттар мен хаттар (төлем құжаттары, ескертулер, ұсыныстар) алмасу мүмкіндігі.
  • Валюталық келісімшартарға On-line түрінде келісім беруі мүмкіндігі.
  • Төлем құжатарын толықтай бақылау – белгілі бір кезеңнің On-line көшірмесі.
  • Төлем құжаттарын өңдеу жылдамдығын арттыру.
  • Ыңғайлы уақытта құжаттарды қарау, жасау және редакциялау мүмкіндігі.
  • Соңғы жаңалықтар мен банктің жедел хабарламаларын қадағалау мүмкіндігі.
  • Төлем құжаттарының қозғалысын бақылауды арттыру.
  • Күн сайын, демалыссыз кәсіби кеңес алу.

«CORREQTS» Интернет банкингтің қауіпсіздігі:

  • Жүйенің топологиясын ұйымдастыру. Клиенттерге қызмет көрсетуге арналған ақпараттар жүйенің жеке сегментіне шығарылады, оған ғаламдық жүйеден кіру мүмкін емес.
  • Сақталған сокеттердің SSL хаттамасын қолдану. Клиент пен сервер арасында мәліметтер алмасудағы қауіпсіздікті қаматамасыз ететін трафикті шифрлеу алгоритмі.
  • Клиенттің логин мен құпия сөзді дұрыс көрсеткендігін тексеру арқылы Клиентті сәйкестендіру.
  • Логин мен құпия сөзді автоматты сақтау (есте сақтау) жолы қарастырылмаған.
  • Әрекетсіз жағдай 15 минутқа жалғасқанда, жүйеден автоматты түрде шығару мен сессияны аяқтау.
  • Клиенттің «CORREQTS»-те жасаған әрбір операциясы «Тумар-CSP» ақпараттарды криптографиялық қорғаудың бағадарламалы құралында жасалған құпия кілт арқылы шифрланады.
  • Жүйеге IP-мекенжайлар бойынша қосымша қорғаныс енгізілген, оны әрбір ұйымға жеке-жеке баптап қоюға болады. Бұл арада ұйым жұмыскерлерінің жүйеге кіруіне мүмкіндік беретін мекенжайлардың тізімі көрсетіліп қояды.
  • Жүйеге IP-мекенжайлардың қара тізімі қолданысы енгізілген. Осы тізімдегі мекенжайлардан жүйеге кіруге рұқсат жоқ, қолданушы тіптен логин/құпиясөз енгізетін бетке де кіре алмайды.   

Қызметтердің бағасы

Заңды тұлғаларға арналған тарифке сәйкес.