Нұр-Сенім
12 айдан кем емес мерзім ішінде әрекет етіп отырған бизнесі бар заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге арналған кредит
12 айдан кем емес мерзім ішінде әрекет етіп отырған бизнесі бар заңды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге арналған кредит. Құжаттар тізіміне деген талап өте аз, жеңілдетілген қаржылық сараптама жасау, қаржыландыру туралы шешімнің қысқа мерзім ішінде қабылдануы.
Кредиттеу мақсаты | айналымдағы қаражатты толықтыру; инвестициялар; қолданыстағы қарыздарды қайта қаржыландыру; аванстық төлемнің кепілдігін шығару; өзарашарт бойынша міндеттемелерін орындаудың кепілдігін шығару. |
Қаржыландыру валютасы | KZT, USD* |
Сыйақы мөлшерлемесі | Банктің Уәкілетті органының шешіміне сәйкес белгіленеді |
Кредиттеу түрі | • банктік қарыз; • қайта жаңартылмайтын кредит желісі; • қайта жаңартылатын кредит желісі; • аванс төлемін қайтаруға кепілдеме; • өзарашарт бойынша міндеттемелерді орындауға кепілдеме. |
Кредиттеу мерзімі | айналымдағы қаражатты толықтыруда: — кредит желісі— 36 айға дейін — кредит желісі шеңберіндегі банктік қарыз/транш — 24 айға дейін бизнесті дамытуға және инвестицияға: — кредит желісі шеңберіндегі кредит желісі/банктік қарыз/транш — 84 айға дейін; — кепілдіктің ең ұзақ мерзімі - 24 айдан аспайды |
Өтеу кестесі |
Банктік қарыз/жаңартылмайтын / жаңартылатын кредит желісі: негізгі қарызды, сыйақыны өтеу, тәуекел үшін комиссия — ай сайын. |
Негізгі қарызды өтеудегі жеңілдік кезеңі | 1) айналымдағы қаражатты толықтыруға — 3 айға дейін; 2) инвестициялық мақсаттарға — 6 айға дейін; |
Қамтама | коммерцияға арналған және/немесе коммерцияға арналмаған жылжымайтын мүлік, ақша кепілсалымы және/немесе жинақ шотына салынған ақшаны кепілге қою
ақша кепілсалымы және/немесе жинақ шотына салынған ақшаны негізгі қарыз/кепілдік және қарыз бойынша сыйақы/кепілдік бойынша 3 айға тәуекелдер үшін комиссия сомасының 100%-ы мөлшерінде кепілге қою |
Кредит бойынша комиссиялар | Банктің бекітілген тарифтеріне сәйкес** |
* Сәйкесті валютадағы табысы және (немесе) хеджирлеудің сәйкесті аспаптарын пайдалана отырып, клиенттің жапқан валюталық тәуекелі бар клиенттерге арналған.
** Тарифтердің қолданылмауы Банк пен қаржы агенттігі арасында жасалған келісімде және/немесе ҚР заңнамасында және/немесе бағдарламалардың шарттарында және/немесе Банктің Уәкілетті органының шешімінде қарастырылған болса, тарифтер мемлекеттік бағдарламалар бойынша қолданылмайды.
Кредиттеу комиссиялары Банктің бекітілген тарифтеріне сәйкес
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.