Конверсиялық операциялар
«Нұрбанк» АҚ айырбас операцилары қызметін — қолма қол емес валютаны сатып алу немесе сату қызметтерін көрсетеді. Банк АҚШ доллары, Евродағы, ресей рубліндегі және басқа әлемдік валюталардағы айырбас операцияларын жасайды.
Қолма қол шетал валютасын сату немесе сатып алу біздің Банктің айырбас орындары арқылы жүзеге асады.
Қолма қол шетал валютасын сату немесе сатып алу үшін клиент операциялық бөлімге валютаны сатуға немесе сатып алуға өтініш беруі керек.
Айырбас жедел және алдын ала болып бөлінеді.
- Жедел айырбас кезінде клиент айырбасқа өтініш берген күні айырбас жасалып, ақша шотқа аударылатын болады.
- Алдын ала айырбас кезінде клиент айырбасқа өтініш берген күннің ертеңіне айырбас жасалып, ақша шотқа аударылатын болады.
Айырбас операциялары үшін комиссиялық сыйақылар төлеу бекітілген тарифтер бойынша жүзеге асырылады.
№ | ққс* | Операция түрі | Алынатын комиссия** | Ескерту | ||
Тарау 7. | Шетел валютасын айырбастау | |||||
7.1. | Қаражатты Клиентке аудара отырып, 09:00-ден 16:00-ге дейін қолма-қол емес валютаны сатып алу/сату: | |||||
а) | валюталандырудың ағымдағы күнімен | 0,17%, min. 1 000 KZT | шетел валютасындағы сатып алынатын/сатылатын сомадан алынады | |||
б) | келесі операциялық күнгі валюталандырудың күнімен | 0,12%, min. 1 000 KZT | ||||
в) | кредитті өтеуге арналған | 0,10%, min. 500 KZT | ||||
7.2. | Қаражатты ағымдағы валюталандыру күнімен Клиентке аудара отырып, 16:00-ден 17:00-ге дейін қолма-қол емес валютаны сатып алу/сату | 0,25%, min. 1 700 KZT | Банктің техникалық мүмкіндігі болмаған жағдайда | |||
7.3. | ққс | 5 000 000 KZT дейін сомада айырбастауға берілген өтінімнен бас тарту (сатып алу/сату бағамына сай) | 0,3%, min. 5 000 KZT | талап етілмеген сомадан |
*ҚҚС қосылатын барлық тарифтер ққс-ты ескере отырып көрсетілген
**Шетел валютасымен операция жүргізілген кезде Банктің комиссиясы шетел валютасында немесе операция жүргізілген күнгі валюта айырбастаудың нарықтық бағамын пайдалана отырып, теңгеде ұсталады
***Тарифке қосымша пошталық және курьерлік шығындар төлемі, олардың нақты құны бойынша ұсталады
****Банк жұмыскерлеріне шығарылған корпоративтік карточкаларға жоғарыда аталған барлық операциялар бойынша қызмет көрсету — комиссиясыз