Ресей рублімен төлемдер жасайтын клиенттердің есіне
Құрметті клиенттер!
Осы арқылы «Нұрбанк» АҚ біздің банкпен әріптестіктеріңіз үшін Сіздерге алғысын білдіреді!
«Нұрбанк» АҚ Ресей Федерациясының валюталық заңнамасындағы өзгерістерге байланысты, 2004 жылдың 2 тамызынан бастап ресей рубілінде аударулар жүргізген кезде, ресей рублінде «Ақша аударуға өтінішті» толтырғанда Сіз 70-жолда Төлем мақсатын — «Валюталық операция түрінің кодын» көрсетуіңіз керектігіне Сіздердің назарларыңызды аударады.
Мұнда мына төмендегілерге назарларыңызды аударамыз:
- «Валюталық операция түрінің коды» жақшаның ішінде көрсетіледі,
- Код жеті символдан тұрады. Олардың алғашқы екеуі (1,2) — әріптік: VO (латын әліпбиі) — өзгеріссіз қолданылады, кейінгілері (3…7) — сандық. *
- Тек қана электронды клиенттер үшін* — Жақшаның ішінде ашық жер (бос орын) қалдыруға болмайды!
- «Өкілетті банктер клиенттерінің валюталық операцияларының тізімдемесін» пайдалану. Ресей Банкінің 17 маусым 2004 жылғы № 117-И «Резиденттер мен резидент еместердің валюталық операциялар жүргізгенде құжаттар мен ақпараттар беру тәртібі, өкілетті банктердің валюталық операцияларды есепке алу және валюталық мәмілелерді рәсімдеу тәртібі туралы» атты Нұсқаулығына 2-Қосымша.
Мысалға: (VO13010) ТЕХНИКАЛЫҚ МАЙ ҮШІН ТӨЛЕМ ШАРТ М-325 ОТ 040218 ШОТ.332 ОТ 040223
Валюталық операция түрі дұрыс көрсетілмеген немесе мүлде көрсетілмеген аударулар ресейлік банктер тарапынан өңдеуге және төлеуге алынбайды.
Осыған орай Сіздерге:
- Өздеріңіздің ресейлік әріптестеріңізден осы аталған кодтарды сұрап білуге,
- «Өкілетті банктер клиенттерінің валюталық операцияларының тізімдемесін» пайдалануға кеңес береміз. Ресей Банкінің 17 маусым 2004 жылғы № 117-И «Резиденттер мен резидент еместердің валюталық операциялар жүргізгенде құжаттар мен ақпараттар беру тәртібі, өкілетті банктердің валюталық операцияларды есепке алу және валюталық мәмілелерді рәсімдеу тәртібі туралы» атты Нұсқаулығына 2-Қосымша.
«Валюталық операция түрінің кодының» дұрыс көрсетілуі үшін жауапкершілік клиентке жүктеледі.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.