Аударымдар
Есептесу операциялары. Банк теңгемен және шетелдік валютамен есептесу операцияларының келесідей түрлерін жүргізеді:
- келіп түскен қаржыларды төлем құжаттарына сәйкес клиенттердің ағымдағы шоттарына түсіру;
- шот иесінің нұсқауы бойынша тауарлар, жабдықтар, өндірілген өнім, атқарылған жұмыс және қызмет үшін қаражат аудару;
- Бюджетке міндетті төлемдер аудару;
- Жинақтаушы Зейнетақы Қорларына төлемдер.
Төлемдер жасаудың ұзақтығы (валюталау күні):
- Банк аумағында — «күнбе күн»
- Банктан тысқа — белгіленген валюталау күніне қарай 1 ден 3 күнге дейін.
Қызметтің құны:
- Төлемдер бойынша комиссия Банк белгілеген тарифтерге сәйкес алынады.
Төлемдер жасауға қажетті шарттар:
- Банкте шотыңыздың болуы;
- Төлем құжаттарының болуы (төлем тапсырмалары, валюта аударуға өтініштер);
- Валюталық төлемдер және Қазақстан Республикасы резиденттері мен резидент еместері арасында төлемдер жүргізген кезде Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасының талаптарына сай құжаттар болуы керек.