Заңды тұлғалар үшін кассалық операциялар жүргізу
«Нұрбанк» АҚ қолма-қол ақшаны (түсім) және клиенттің басқа да шаруашылық қызметінен оның банктік шоттарына түскен түсімдерді қабылдайды.
Банк кассасында қолма-қол ақшаны санау, қаптау жүргізіледі және клиенттің банктік шотына түсіріледі.
Банк Клиенттеріне теңгемен және шетел валютасында қолма-қол ақша беру бойынша қызмет көрсетеді.
Сондай-ақ біздің Банк мынадай операциялар жүргізеді: тозған купюраларды алмастыру, қолма-қол ақшаны ірілеу, ақша чек-кітапшаларын сату.
Кассалық операциялар бойынша комиссиялық сыйақы белгіленген тарифтерге сәйкес жүргізіледі.