800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Банк Клиент

«Нұрбанк» АҚ Клиенттерге компьютерлік-модемдік байланысты пайдаланып немесе Интернет арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдерді жүзеге асыруға мүмкін болатын «Банк-Клиент» қызметімен танысуды және сатып алуды ұсынады.

Біз өз клиенттерімізге дәстүрлі банктік қызмет көрсетудің алдында бірқатар артықшылықтары бар сенімді және ыңғайлы бизнеске қызмет көрсету тәсілін ұсынамыз:

Ақпараттылық: клиенттердің шоттарының күй-жайы және басқа да қаржылық көмек туралы ақпаратты жылдам алу; 

Жылдамдық: алынған ақпарат негізінде жылдам шешім қабылдау және нақты уақыт шарттарында есептесу мүмкіндігі; 

Ыңғайлылық: төлемдерді офистен шықпай-ақ жасап отыру мүмкіндігі; 

Ресурстарды үнемдеужұмыс уақытын тиімді пайдалану, көлік шығындарын азайту; 

Қауіпсіздігі жоғары: бірнеше электрондық қолтаңбалар жүйесін пайдалану. 

«Банк-Клиент» жүйесі ұсынатын банктік қызметтер кешені келесілерді қамтиды:

  • Төлемдер мен аударымдар теңгемен және шетел валютасында жасалады;
  • Зейнетақы қорына жасалатын төлемдер;
  • Шетел валютасын айырбастау (сатып алу/сату);
  • Қызметкерлердің еңбек ақысын ағымдағы және карточкалық шоттарға аудару;
  • Шоттың күй-жайы туралы үзінді көшірме алу (шығыс, кіріс қалдығы, бір күнгі операциялар, әр операция бойынша үзінді көшірмелер);
  • Валюта бағамдары мен басқа да қаржылық-анықтамалық ақпараттар туралы ақпарат алу.

«Банк-Клиент» қызметін көрсету үшін қажет шарттар:

  • Банкте ағымдағы шоты болу;
  • Компьютерлік-модемдік байланысты пайдаланып немесе Интернет арқылы банктік қызмет көрсету туралы келісімшарт жасау;
  • Офисінде «Клиенттің жұмыс орны» атты автоматтандырылған жұмыс орнының болуы.

«Клиенттің жұмыс орны» атты автоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру үшін келесілер қажет:
Компьютерлік-модемдік байланысты пайдаланған кезде:

  • дербес компьютер;
  • модем (IDSL емес);
  • телефон байланысының бос желісі,

Интернет арқылы қосылған кезде:

  • дербес компьютер;
  • модем;
  • Интернетке қосылу (Интернетті пайдаланғаны үшін төлемді Клиент өзі дербес төлейді);

«Нұрбанк» АҚ-ның «Банк Клиент» ҰБҚК пайдаланушы клиент-қатысушылар үшін ақпарат:

Байланыс түрін жаңарту үшін тиісті Өтінімді толтыру үшін банкке жүгіну қажет, бұл ретте байланыс түрін жаңарту үшін комиссия ұсталмайды. Банк ұстап қалатын абоненттік төлемнің мөлшері өзгеріссіз қалады.

Қызмет құны  заңды тұлғалар үшін белгіленген тарифтерге сәйкес.