800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Заңды тұлғаларға арналған «CORREQTS» Интернет-банкинг жүйесінде жұмыс істеу кезінде пайдаланылатын қауіпсіздік бойынша кеңестер

Құрметті Клиенттер, «Нұрбанк» АҚ Заңды Тұлғаларға Қашықтан Банктік Қызмет Көрсету жүйемізді пайдаланғаныңыз үшін алғыс білдереді.

Сіздердің назарларыңызға TUMAR-CSP (бұдан әрі - TUMAR) АКҚЖ1 шифрлеу бағдарламасының жұмысына қатысты келесі ақпараттарды хабарлайды.

Microsoft Компаниясы жаңа Windows 10 операциялық жүйесінің шыққанын жариялады.

Бұл ОЖ2-ның ақпараттық қауіпсіздікке байланысты бірқатар ерекшеліктері бар. Ол ерекшеліктер Windows 7 және 8 үшін жасалған криптографиялық бағдарламалардың дұрыс жұмыс істеуіне ықпал етеді.

Жоғарыда аталған себептерге байланысты Windows 10-да 6-шы нұсқадағы TUMAR криптопровайдерін пайдалану мүмкін емес.

Жоғарыда аталғандарға байланысты криптопровайдерді пайдалану талап етілетін компьютерлерде сол криптопровайдер шыққанға дейін операциялық жүйелерді Windows 10-ға жаңартпауға кеңес береміз.

Windows 10-ға арналған криптопровайдердің жаңа нұсқасының шыққаны туралы қосымша хабарлайтын боламыз.

Сонымен қатар, барлық ақпаратты компанияның www.gamma.kz. сайтынан білуіңізге болады.

  • Ешқандай да жағдайда өз логиніңіз бен құпиясөзіңізді басқаларға, оның ішінде «Нұрбанк» АҚ-ның жұмыскерлеріне АЙТПАҢЫЗ. ЗТИБ-ге КІРУ ҮШІН ҚҰПИЯСӨЗ сіздің дербес ҚҰПИЯ АҚПАРАТЫҢЫЗ болып табылады. Дербес құпия деректер мен құпиясөздерді сақтау үшін жауапкершілік жүйені пайдаланушыларға жүктеледі;
  • «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінің ресми сайтымен қорғалған SSL – байланысы орнатылғанын тексеріңіз (https://ibank2.open24.kz/sbns-web/ru/html/login.html);
  • TeamViewer, RAdmin және т.б. секілді компьютерге қашықтан кіру мүмкіндігі бар бағдарламаларды орнатпауға кеңес береміз;
  • Кілттерді тек сенім білдірілген тұлғаларға ғана қолжетімді жекелеген тасығыштарда сақтауға кеңес береміз. Өзіңізден басқа ешкім, оның шінде Банк жұмыскерлері де сіздің ЭСҚ-ның кілтіңізді білмеуі тиіс;
  • «Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінің веб-сайтына баннерлік сілтемелер бойынша және электрондық поштадағы сілтемелер бойынша қосылмауға тырысыңыз;
  •  «CORREQTS» жүйесінде жұмыс істеу кезінде интернет браузердің басқа қосымшаларында қатар жұмыс істемеуге және жаңа веб-парақшалар ашпауға кеңес береміз;
  • «CORREQTS» жүйесінде жұмыс істеу кезінде операциялық жүйеде кеңейтілген құқықтары бар есепке алу жазбаларымен жұмыс істеуге болмайды, мысалы, «Әкімші»;
  • Егер енгізу терезесі «CORREQTS» жүйесінің стандартты терезелерінен басқа болса (жазбалар, әріптер және т.с.с. басқаша болса) немесе әдеттегідей көрінбесе (жүйеде жұмыс істеу тәртібі бұзылған) болса, құпия деректерді енгізбеңіз;
  • Өзіңіздің Интернет-банкинг қосымшаңызға тек қана жеке компьютеріңізден, телефоныңыздан немесе планшетіңізден кіруге тырысыңыз. Егер коғамдық орындардағы (интернет-кафе және ойын клубтары секілді жерлер) компьютерлерде сіздің құпия сәйкестендіруші және дербес деректеріңізді сақтап қоятын шпион-бағдарламалардың жоқтығына сенімді болмасаңыз, ЗТИБ жүйесін пайдалану үшін ондай жерлерге бармауға тырысыңыз;
  • Өндіруші компания ұсынған ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЖАҢАРТЫЛЫМДАРЫН уақытында ОРНАТЫП ЖҮРІҢІЗ;
  • Лицензияланған антивирустық бағдарламалық қамтаманы пайдаланыңыз және оның антивирустық базаларының тұрақты жаңаланып тұруын қадағалаңыз;
  • Жеке компьютеріңізде/смартфоныңызда зиянды бағдарламаларды уақытында тауып отыру үшін антивирустық тексерісті тұрақты жасап жүріңіз;
  • Қосымша лицензияланған бағдарламалық қамтаманы пайдаланыңыз: дербес желіаралық экрандар, шпиондық құрамдастарды іздеу бағдарламаларын, спам-жіберілімдерден қорғау бағдарламаларын және егер сіздің құпиясөзіңізге немесе құпия кілттеріңізге қол жеткізу әрекеттерін немесе басқа да күмәнді әрекеттерді байқасаңыз, шұғыл түрде Банкке хабарласыңыз;
  • Сіздің құпия кілттеріңізге қолжетімділік құқығы бар жұмыскерлер немесе клиенттің ІТ қызметкерлері жұмыстан босаған/кеткен жағдайда ол кілттерді ауыстыруды талап етіңіз; 
  • Егер сіз бірнеше минутқа компьютердің қасынан кететін болсаңыз, Интернет-банкингіні жауып шығыңыз;
  • ЗТИБ жүйесінен шығарда әрдайым «Шығу» сілтемесі арқылы шығыңыз, сонда ғана сіздің сеансыңыз жедел және дұрыс тоқтатылады;
  • Компьютерде күмәнді белсенділік (тінтуір өздігінен әрекет еткен, терезелер өздігінен ашылған/жабылған, өздігінен мәтін терілген жағдайлар) байқалған жағдайда –компьютерді шұғыл өшіріп, жүйеге ықтимал заңсыз кіру әрекеті болғаны туралы Банкке хабарлаңыз;
  • Жарнамалар қамтылған кенеттен пайда болатын терезелерге баспаңыз. Браузеріңізді сондай терезелерді дағдылы түрде бұғаттауға баптап қойғаныңыз жөн;
  • Браузердің қателері туралы оғаш немесе түсініксіз хабарламаларға аса назар аударыңыз. Күмән туындаған жағдайда компьютеріңізді/смартфоныңызды вирустардың немесе шпиондық бағдарламалардың болуына сканерлеңіз;

 Банкте барлық қажет ақпараттар бар және ешқашан, ешқандай да жағдайда клиенттердің деректемелерін, заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесіне кіруге арналған оның логині мен құпиясөздерін беруді өтініп, ЭЛЕКТРОНДЫ ХАТТАРДЫ; SMS-хабарламаларды ЖІБЕРМЕЙДІ, ТЕЛЕФОН ШАЛМАЙДЫ, сондай-ақ бағдарламалар мен олардың жаңартылымдарын электрондық пошта арқылы таратпайды.

«Заңды тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесі арқылы деректерге зиян келтірген немесе заңсыз кіру фактілері анықталған және банктік шоттардан заңсыз транзакциялар жүргізілген жағдайда келесі телефондар арқылы: +7 (727) 250-00-00, 244-44-44 (Алматы қаласы үшін), «Beeline», «Kcell», «Теle2», «Activ», «Altel 4G» ұялы байланыс операторларының мобильді телефондары үшін 2552 шұғыл түрде Банктің Байланыс орталығына хабарласыңыз.

1 Ақпаратты криптоқорғау жүйесі

2 Операциялық жүйе