800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

«Open24/Nurbank24» жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесі бойынша жиі қойылатын сұрақтар

1. «Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесіне қалай қосылуға болады?
«Интернет-Банкинг» жүйесіне қосылу үшін сіз Банктің кез келген бөлімшесіне жүгінсеңіз болады. Қолыңызда жеке басыңызды куәландыратын құжатыңыз болсын.

2. Интернет-банкинг жүйесіне сенімхат арқылы қосылуға бола ма?
Жоқ. Интернет-банкинг жүйесіне қосылу үшін Клиенттің өзі жүгінуі тиіс.

3. Мен Интернет-банкинг жүйесіне тек өз компьютерімнен ғана емес, сондай-ақ басқа компьютерлерден кіре аламын ба?
Сіз жүйеге Интернет желісіне қосылған кез келген компьютерден кіре аласыз. Жүйеге қонақ жұмыс орындарынан (интернет-кафелер, көпшілікке қолжетімді орындар және т.б.) кірмеуге кеңес беріледі.

4. «Интернет-банкинг» жүйесінде операцияларды растайтын қандай құралдар пайдаланылады?
Сізге «Интернет-банкинг» жүйесінде операцияларды растаудың екі нұсқасының бірін таңдауға болады
біржолғы құпиясөздердің (40 құпиясөз) скретч-картасы, картаның қолданылу мерзімі шексіз
•  «Mobipass»
БҚ[1]- біржолғы құпиясөздердің генераторы, «Mobipass» БҚ-ның қолданылу мерзімі шексіз.

5.  Қосылу қанша уақыт созылады?
«Интернет-банкинг» жүйесіне қосылу Жүйеге қосылу туралы келісімшарт жасалған күні жүзеге асырылады.

6. «Интернет-банкинг» жүйесін пайдалану ақысы қанша?
«Интернет-банкинг» жүйесіне қосылу және абоненттік төлеммүлдем тегін.

7. «Интернет-банкинг» жүйесінде жұмыс істеу үшін нелер қажет?
Келесі операциялық жүйелердің кез келгені орнатылған компьютер: Windows ME/2000/XP/Vista.
• Интернет жүйесіне қосылу мүмкіндігі.
• 128-биттік деректерді шифрлеуді пайдалануға болатын Интернет-браузер.

8.  «Интернет-банкинг» жүйесіне кіру үшін қандай деректер қажет?
«Интернет-банкинг» жүйесіне кіру үшін келесілерді енгізу қажет:
• Логин
Құпиясөз

9. Егер мен құпиясөзді ұмытып қалсам, не істеуге болады? 
Жаңа құпиясөз алу үшін «Нұрбанк» АҚ-ның кез келген бөлімшесіне жүгіну қажет.

10. «Интернет-банкинг» жүйесінде құпиясөзді жиі ауыстырып тұру қажет пе?
•  Клиент құпиясөзді шексіз рет және кез келген уақытта ауыстыра алады. 
• 
Құпиясөз белгілі болған (белгілу болу ықтималы болған) жағдайда ол құпиясөзді шұғыл түрде ауыстыру қажет 
•  Құпиясөзді ауыстыру кезінде бұрын пайдаланылған құпиясөзді қолдануға болмайды. Жаңа құпиясөз бұрынғысынан ең кемінде жартысына басқаша болуы тиіс.

11. Комиссия операция сомасына кіре ме?
Жоқ. Комиссия әрқашан бөлек көрсетіледі және төленеді. Комиссияны операцияға қол қоюдан/операцияны мақұлдаудан бұрын көруге болады.

12. Ұялы байланыс үшін төлем жасаған кезде ақша шотқа қаншалықты тез түседі?
Төлем жасалғаннан кейін бірден түседі.

13.  «Mobipass» қосымшасын қайдан жүктеп алуға болады?
MobiPass қосымшасын AppStore-ден және Play-Маркеттен жүктеп алуға болады.
• Android ОЖ[2] бар телефондарға Play-Маркеттен жүктеп,  Nurbank Mobipass қосымшасын орнату қажет.
• iOSApple бар телефондар үшін AppleAppStore-ден жүктеп, Nurbank Mobipass қосымшасын орнату қажет.

14.  «Оpen24»  жүйесінде «Нұрбанк» АҚ шығарған карточкадан «Нұрбанк» АҚ-дағы ағымдағы шотқа ақша аударуға бола ма? Ақша тез түсе ме?
Иә, мұндай қызмет түрі іске қосылған. Ақша қаражаттары бір жұмыс күні ішінде шотқа түседі.

15. «Mobipass» БҚ-ны қосу үшін не істеу керек? «Mobipass» құпиясөзінің 4 бөлігін қайдан алуға болады?
Ұялы телефонда MobiPass-ты қосу үшін Банк қызметті тіркеу кезінде беретін қосуға арналған құпия кодты енгізу, сондай-ақ клиент өзі дербес таңдайтын PIN-кодты жазу қажет

16. «Құжаттың кодты саны» қай жерде түрлендіріледі?
«Open24/Nurbank24» ЖТИБ жүйесінде операциялар жасау үшін қажет деректерді енгізгеннен кейін жүйе құжаттың кодты санын экранға шығарады. «Құжаттың кодты санын» құжатқа қол қою кезінде Интернет-банкинг қосалқы жүйесі түрлендіреді.

17. Қазақтелекомның түбіртектерін алу туралы нұсқаулық бар ма немесе түбіртектерді алу үшін не қажет екенін түсіндіріп беріңізші?
«Қазақұтелеком» түбіртегін жүктеу үшін:
1-ші тәсіл:
Мәзірде «Қызметтер үшін төлеу» - «Коммуналдық төлемдер» - «Қазақтелеком» - Түбіртек сұрау – «Телефон нөмірін енгізу» - Жалғастыру – Жаңарту.
2-ші тәсіл:
Сервис – Дербес деректер – «Қазақтелеком қызметтері» – «Телефон нөмірін енгізу» - Жалғастыру – Құпия кілтпен растау. Осылайша бір рет түбіртек алуды баптап қойсаңыз, келесі айда түбіртек дағдылы түрде жүктеліп отырады.

18. «Open24/Nurbank24» ИБ жүйесінде мен көрсеткен шотқа әр айда белгіленген бір күні менің карточкамнан ақша аударып отыратын ұзақ мерзімді тапсырма рәсімдеуге бола ма?
Иә, болады. «Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесінде «Мерзімдік төлем» қызметі бар.

19. «Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесінде төлем карточкасы бойынша толық есепті алуға, қанша ақша түскенін, қанша ақша алынғанын, ақша алған кезде ұсталған комиссияларды көруге бола ма?
Төлем карточкасы бойынша ақша қаражаттарының қозғалысы бойынша толық ақпаратты «Карталар бойынша үзінді көшірме алу» қызметін пайдаланып алуға болады.

20. «Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесінде «Нұрбанк» АҚ-дан алған кредитті төлеуге бола ма?
Иә, «Open24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесінде мұндай қызмет түрі де қарастырылған.

21. Екі депозит ашқым келеді: доллармен және теңгемен. Сіздердің банкте интернет арқылы доллармен ашылған депозиттен теңгемен ашылған депозитке немесе керісінше ақша аударуға бола ма? Егер мұндай мүмкіндік болса, ақша айырбастау бағамы мен банкіңіздің кассасындағы бағам арасында айырмашылық бар ма?

Қазіргі таңда мұны келесідей тәртіпте іске асыруға болады: теңгемен ашылған депозит - > теңгемен ашылған карта - > валютамен ашылған карта - > валютамен ашылған депозит операция жасалған сәттегі бағам бойынша. 2016 жылы үдерісті жетілдіріп, операциялардың санын азайтуды көздеп отырмыз. 



[1] Бағдарламалық қамтама

[2] Операциялық жүйе