800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Жеке тұлғаларға арналған «OPEN24/Nurbank24» Интернет-банкинг жүйесін пайдалану қауіпсіздігі бойынша кеңестер

  • «Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінің веб-сайтына баннерлік сілтемелер бойынша немесе электрондық поштадағы сілтемелер бойынша қосылмаңыз. «Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесінің ресми сайтымен қорғалған SSL – байланысы орнатылғанын тексеріңіз (https://new.open24.kz:8443);
  • Ешқандай да жағдайда өз логиніңіз бен құпиясөзіңізді басқаларға, оның ішінде «Нұрбанк» АҚ-ның қызметкерлеріне ЖАРИЯ ЕТПЕІҢІЗ. «Open24/Nurbank24» жүйесіне КІРУ ҮШІН ҚҰПИЯСӨЗ сіздің дербес ҚҰПИЯ АҚПАРАТЫҢЫЗ болып табылады. Дербес құпия деректер мен құпиясөздерді сақтау үшін жауапкершілік пайдаланушылардың өздеріне жүктеледі;
  • MobiPass кілттері тек өзіңізге ғана белгілі болу керек, басқалар білмесін;
  • Компьютерді немесе басқа да электрондық ақпарат тасығыштарды пайдаланған кезде өзіңіздің ҚҰПИЯСӨЗІҢІЗДІ БРАУЗЕРДЕ және МӘТІНДІК ФАЙЛДАРДА САҚТАМАҢЫЗ, себебі оны басқалар ұрлауы немесе сізге зиян келтіруі мүмкін. Интернет-банкингідегі кіру парақшасы, сондай-ақ жұмыс сессиясы қорғалған режімде жұмыс істеп жатқанына көз жеткізіңіз (https-байланыс);
  • ЖКИБ жүйесіне тіркелу кезінде немесе баптауларды өзгерту кезінде басқа біреулердің телефон нөмірлерін жазбаңыз;
  • «Open24/Nurbank24» жүйесінде жұмыс істеу кезінде операциялық жүйеде кеңейтілген құқықтары бар есепке алу жазбаларымен жұмыс істеуге болмайды, мысалы, «Әкімші»;
  • «Open24/Nurbank24» жүйесінде жұмыс істеу кезінде интернет браузердің басқа қосымшаларында қатар жұмыс істемеген және жаңа web-парақшаларды ашпаған жөн;
  • Күн сайын Банк қабылдаған және қабылдамаған транзакциялар туралы барлық хабарламаларды талдаңыз, сонымен қатар заңсыз ақша есептемелері (аударымдары) туралы Банкке шұғыл хабарлаңыз;
  • Банк SMS-хабарламаларды жіберіп отыратын ұялы телефоныңызды жоғалтқан/ұрлатқан немесе SIM-картаңыз кенеттен істемей қалған жағдайда сіз шұғыл түрде өзіңіздің ұялы байланыс операторыңызға хабарласып, SIM-картаңызды бұғаттауыңыз, сонымен қатар ол жөнінде Банкке хабарлауыңыз тиіс;
  • ҚАУІПСІЗДІК ДЕҢГЕЙІН АРТТЫРЫҢЫЗ – Банктің «SMS-хабарламалар», Интернет желісінде карталық операцияларға лимиттер белгілеу және т.б. секілді қосымша қызметтерін пайдаланыңыз;
  • Өзіңіздің Интернет-банкинг қосымшаңызға тек қана жеке компьютеріңізден, телефоныңыздан немесе планшетіңізден кіруге тырысыңыз. Егер коғамдық орындардағы (интернет-кафе және ойын клубтары секілді жерлер) компьютерлерде сіздің құпия сәйкестендіруші және дербес деректеріңізді сақтап қоятын шпион-бағдарламалардың жоқтығына сенімді болмасаңыз, ондай жерлерге бармауға тырысыңыз;
  • Лицензияланған бағдарламалық қамтаманы пайдаланыңыз және оның антивирустық базаларының тұрақты жаңаланып тұруын қадағалаңыз;
  • Жеке компьютеріңізде/смартфоныңызда зиянды бағдарламаларды уақытында тауып отыру үшін антивирустық тексерісті тұрақты жасап жүріңіз;
  • Қосымша лицензияланған бағдарламалық қамтаманы пайдаланыңыз: дербес желіаралық экрандар, шпиондық құрамдастарды іздеу бағдарламаларын, спам-жіберілімдерден қорғау бағдарламаларын және т.б.;
  • Егер сіз бірнеше минутқа компьютердің қасынан кететін болсаңыз, Интернет-банкингіні жауып шығыңыз;
  • «Open 24» жүйесінен шығарда әрдайым «Шығу» сілтемесі арқылы шығыңыз, сонда ғана сіздің сеансыңыз жедел және дұрыс тоқтатылады;
  • Компьютерде күмәнді белсенділік (тінтуір өздігінен әрекет еткен, терезелер өздігінен ашылған/жабылған, өздігінен мәтін терілген жағдайлар) байқалған жағдайда –компьютерді шұғыл өшіріп, жүйеге ықтимал заңсыз кіру әрекеті болғаны туралы Банкке хабарлаңыз;
  • Браузердің қателері туралы оғаш немесе түсініксіз хабарламаларға аса назар аударыңыз. Күмән туындаған жағдайда компьютеріңізді/смартфоныңызды вирустардың немесе шпиондық бағдарламалардың болуына сканерлеңіз;
  • Өзіңіздің дербес деректеріңізді блогтарда, форумдарда және әлеуметтік желілерде қалдырмаңыз;
  • Тексерілмеген және қауіпті сайттарға кірмеңіз. Кірген жағдайда вирустар мен шпиондық бағдарламаларды жүктеп алуыңыз мүмкін;
  • Кенеттен пайда болатын жарнамалық терезелерді баспаңыз. Браузеріңізді сондай терезелерді дағдылы түрде бұғаттауға баптап қойғаныңыз жөн; 
  • Интернет-банкингімен жұмыс істеуді аяқтаған кезде жұмыс сессиясын да аяқтаңыз;
  • Интернет-банкиінгіде операцияларды болдырмау шарасы қарастырылмаған. Егер сізге операцияны аяқтау үшін құпиясөзді сұраған SMS-хабарлама келсе немесе Интернет-банкингіде операцияны болдырмау үшін құпиясөзді енгізу ұсынылса, қызметті пайдалану сеансын тоқтатыңыз да, жедел түрде Банкке хабарласыңыз. Күмәнді хаттарда көрсетілген сілтемелерге баспаңыз, сондай-ақ салынған файлдарды ашпаңыз, әсіресе егер хатта проблеманы кейінге қалдыруға болмайтын болса және салынған файлды қандай да бір кеңейтудің көмегімен ашу ұсынылған болса;
  • Бейтаныс адамдардан келген хаттарды ашпаңыз, оларда вирустар болуы мүмкін. Хабарламалардың тақырыптарын мұқият оқыңыз, егер хат сенімді дереккөзден келгеніне сенімді болмасаңыз, оны ашпаңыз. Хабарламалардың достық сарынына немесе онда қамтылған өтінімнің жеделдігіне сенбеңіз.

 Заманауи операциялық жүйелерді пайдалануға тырысыңыз. Мұндай жүйелер бұрынғы, әдетте ескірген нұсқаларына қарағанда көбірек қорғалған.
Банкте барлық қажет ақпараттар бар және ешқашан, ешқандай да жағдайда клиенттердің деректемелерін, жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг жүйесіне кіруге арналған оның логині мен құпиясөздерін беруді өтініп, ЭЛЕКТРОНДЫ ХАТТАРДЫ; SMS-хабарламаларды ЖІБЕРМЕЙДІ, ТЕЛЕФОН ШАЛМАЙДЫ, сондай-ақ бағдарламалар мен олардың жаңартылымдарын электрондық пошта арқылы таратпайды.

«Жеке тұлғаларға арналған Интернет-банкинг» жүйесі арқылы деректерге зиян келтірген немесе заңсыз кіру фактілері анықталған және банктік шоттардан заңсыз транзакциялар жүргізілген жағдайда келесі телефондар арқылы: +7 (727) 250-00-00, 244-44-44 (Алматы қаласы үшін), «Beeline», «Kcell», «Теle2», «Activ», «Altel 4G» ұялы байланыс операторларының ұялы телефондары үшін 2552 шұғыл түрде Банктің Байланыс орталығына хабарласыңыз.