Заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер үшін «Алғашқы қадам» акциясы
15.01.2021
Акция өткізу кезеңінде шот ашқан кезде қатысушыларға 6 ай мерзімге жеңілдікпен қызмет көрсету шарттары ұсынылады.
Егер сіз – заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы және өкілдігі, жеке кәсіпкер, шаруа қожалығы, жеке сот орындаушысы, жеке нотариус, адвокат немесе кәсіби медиатор болсаңыз, біз сізге Банктің клиенті болуды және жеңілдікпен қызмет көрсету шарттарын ұсынамыз.
Акция өткізу кезеңінде шот ашқан кезде қатысушыларға 6 ай мерзімге жеңілдікпен қызмет көрсету шарттары ұсынылады:
- шот ашу - 0 теңге
- бизнес-карта шығару және алғашқы қызмет көрсету жылында қызмет көрсету үшін – 0 теңге
- бүкіл филиалдар желісінде клиенттердің банкішілік аударымдарын күнбе-күн орындау – 0 теңге
- сағат 13:00-ге дейін жіберілеген 10 төлем – 0 теңге.
Акция өткізу мерзімі – 02.05.2021 ж. дейін.