«Картамен төле де, ақша ал!» Акциясы
1.04.2023
2023 жылдың 01-сәуірінен бастап 30-маусымның соңына дейін Нұрбанктің төлем карточкаларымен сауда жасап, қызметтердің ақысын төлеңіз де ақшалай сыйлық ұтып алыңыз.
Ең кемі - 5 000 теңге болуы керек.
Ай сайын 40 000 теңгелік 4 жүлде ұтыс ойынына қатысыңыз.
Неғұрлым көп транзакция жасасаңыз, соғұрлым мүмкіндігіңіз-де артады!
«Картамен төле де, ақша ал!» Акциясының ережесі
1. Жалпы шарттар
1.1. Акция өткізуді ұйымдастыратын мекеме - «Нұрбанк» АҚ.
1.2. Акция өткізілетін аумақ шектелмеген.
1.3. Акция өтетін кезең – 3 ай, 2023 жылдың 01-сәуірінен бастап 30-маусымның соңына дейін.
1.4. Акцияға қатыса алатындар - «Нұрбанк» АҚ төлем карточкаларын ұстаушы және POS терминалда немесе интернетте карточкамен 1 транзакциямен 5 000 теңге және одан көп сома мөлшерінде қолма-қол ақшасыз транзакция жүргізген жеке тұлғалар.
1.5. Транзакциялардың саны шектеусіз.
1.6. Банкомат арқылы қолма-қол ақша алған транзакциялар, карточкалық аударымдардың барлық түрлері, коммуналдық төлемдер, салық, пошта және басқа мемлекеттік баждар, телекоммуникация бекеттерінде қызметтер үшін төлемдер, төлем картасының шотын толықтырулар Акцияға қатыспайды.
1.7. Акцияға қатысушы 1 рет қана ұтыс ойынының жеңімпазы бола алады.
2. Жүлде ойынының жеңімпазын айқындау
2.1. Акция шеңберінде жүлде ойынын 3 рет жүргізу қарастырылған:
- 10-мамырға дейін сәуір айында жүргізілген транзакциялар бойынша;
- 10-маусымға дейін мамыр айында жүргізілген транзакциялар бойынша;
- 10-шілдеге дейін маусым айында жүргізілген транзакциялар бойынша.
2.2. Акцияның жүлде қоры – 480 000 теңге
2.3. Ойын жеңімпаздарының жалпы саны - 12. Әр ойында 40 000 теңгеден 4 жүлде ойнатылады.
2.4. Жеңімпаз www.https://www.random.org интернет-ресурс арқылы, есептілік ай үшін Акция қатысушылары жүргізген санына тең таңдау диапазоны бойынша кездейсоқ сандар генераторының көмегімен айқындалады. Транзакция нөмірі кездейсоқ тудырылған санға сай келген қатысушы жеңімпаз болып саналады.
2.5. Ойын нәтижелері Банктің www.nurbank.kz интернет-ресурсында жарияланатын болады.
2.6. Ойын Банктің Instagram әлеуметтік желідегі ресми аккаунтында тікелей эфирде жүргізіледі.
2.7. Жүлде сомасын төлеу ақшаны Акция жеңімпазының төлем карточкасының шотына аудару арқылы жүзеге асырылады.
2.8. Жүлдені төлеу мерзімі – есептілік айдан кейінгі айдың 20-күнінен кеш емес мерзім.
3. Дербес деректер
3.1. Осы Ережеге сәйкес Акцияға қатысу факті Акцияға Қатысушының осы Ережемен келіскенімен, сондай-ақ Акция жүргізу үшін қажетті дербес деректерді Банктің кез келген әдіспен өндейтінімен келіскенімен расталады.
4. Қосымша
4.1. Осы Ережемен қарастырылмаған барлық басқа жағдайларда Банк пен Акцияға Қатысушы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын басшылыққа алады.
4.2. Акция туралы ақпарат, оны Банктің www.nurbank.kz интернет-ресурсы мен Банктің әлеуметтік желілерінде орналастыру арқылы таратылады.