Кредит бойынша берешектері мен кешіктірілген төлемдері бар қарыз алушыларға арналған, кепілзатсыз кредиттерге қатысты акциясы
21.04.2023
«Нұрбанк» АҚ кредит бойынша берешектері мен кешіктірілген төлемдері бар қарыз алушыларға арналған, кепілзатсыз кредиттерге қатысты акцияның іске қосылғаны туралы хабарлайды.
Акцияға берешегі (негізгі қарыз бен сыйақы) 1600 ЕАҚ-тан (5 520 000 теңге) аспайтын, төлемдерді 360 және одан да көп күндерге кешіктірген жеке тұлғалар қатыса алады.
Негізгі қарыз бойынша бүкіл берешекті бір уақытта жапқан жағдайда, айыппұлдық шаралар (өсімақылар) толық көлемде есептен шығарылады, сондай-ақ 50%-дан 100%-ға дейінгі сыйақыны есептен шығару туралы мәселені қарастыруға мүмкіндік беріледі.
Акцияға «Тауарлық кредит» пен «Төлем карточкалары бойынша кредиттік лимит» сияқты банктік өнімдерді қоспағанда, барлық кепілзатсыз кредиттер қатысады.
Толығырақ ақпаратты банктің бөліміндегі менеджерден алуға болады.
Акция 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет етеді.