800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Карточка түрлері

Visa Electron / Cirrus Maestro

Ең демократиялы өнім. Ол дүние жүзі бойынша банкоматтар мен POS-терминалдардан қолма-қол ақша алуға және POS-терминалы бар сауда нүктелерінде алған затыңыз үшін төлем жасауға мүмкіндік береді.

www.visa.com.ruwww.mastercard.kz

Visa Classic / MasterCard Standard

Байсалды адамдарға арналған және ең көп тараған карточка түрі. Сіздің осы карточка арқылы кредит алуға, POS-терминалдан қолма-қол ақша алуға, сауда нүктелері мен интернетте төлем жасауға, автокөлік жалдауға, қонақүй брондауға ж.т.б. мүмкіндігіңіз бар. Бұл — танымал пластик карточкалар. Visa және MasterCard логотипі қойылған жердің бәрінде қызмет көрсетіледі.

www.visa.com.ru, www.mastercard.kz

card_classic_2

Visa Business / MasterCard Corporate

Іскер адамдарға арналған корпоративтік өнім. Компанияның сенімді қызметкеріне берілетін төлем карточкасы. Бұл карточканың иесі өкілдендірілген, іссапар мен бизнес сапар шығындарын төлеуге, автокөлік жалдауға, қонақүй брондауға ж.т.б. мүмкіндігі бар. Business карточкасы — Қазақстан мен шетелде жүрген кез келген компанияның қызметкері іссапар мен өкілдік шығындарды қолма-қол ақшасыз төлем жасауына таптырмас құрал.
www.visa.com.ruwww.mastercard.kz

Толық ақпарат

visa business

Visa Gold / MasterCard Gold

Сіздің мәртебеңіз бен ауқаттылығыңыздың белгісі. Бұл карточка кредит алуға, сауда нүктелері мен интернетте төлем жасауға, автокөлік жалдауға, қонақүй брондауға ж.т.б. мүмкіндік береді. Gold карточкаларын ұстаушыларға ең жоғарғы мүмкіндік ашылады, өйткені оларға әлемнің кез келген нүктесінде VIP-клиенттер дәрежесінде қызмет көрсетіледі.
Gold карточкасы бедел мен жетістік белгісі.
www.visa.com.kzwww.mastercard.kz


Web-card

Web-card төлем карточкасы Интернет жүйесінде тауарлар мен қызметтер үшін төлем жасауға арналған. «Web-card» — бір ғана құжаттың негізінде шығарылады. Карта 2 күн ішінде дайын болады.

«Нұрбанк» АҚ-ның «Web-card» өнімі — қауіпсіз Интернет-төлемдер.

 

 

Instantcard

Instantcard – ұстаушының аты-жөнін көрсетпестен бір сәтте шығатын карта, оны банктің бөліміне алғаш келген кезде-ақ алуға болады, клиенттің күтіп отыруының және екінші рет бөлімге келуінің мүлдем қажеті жоқ. Instantcard халықаралық Visainternational төлем жүйесінің қызметтерін толықтай атқара беретін түрінде жасалады, оның көмегімен кез келген банкоматтан қолма-қол ақша алуға және сауда мен сервис кәсіпорындарынан алынған тауар үшін төлем жасауға болады. Қаласаңыз, кез келген уақытта картаны VisaElectron атаулы картасына ауыстыруға мүмкіндігіңіз бар.

 

 

 

 

Дербес дизайндағы карта!

«Сіздің қиялыңыз қаншалықты ұшқыр» Нұрбанктің дербес дизайндағы халықаралық төлем карточкалары.

Бұл карточканың ерекшелігі: сіз өз карточкаңыздың жизайнын сурет галереясынан таңдай аласыз немесе ешкімге ұқсамайтын өз нұсқаңыздың ұсына аласыз.

Өзіңіз таңдап алған нұсқадан көңіліңіздің көтеріңкі жүргенін қаласаңыз немесе достарыңыз көп, өмірге өте құштарсыз, жануарлар дүниесін жақсы көресіз, табиғатты сүйесіз, онда сіз Нұрбанкпен бірге ешкімдікіне ұқсамайтын өз төлем карточкаңызды жасай аласыз!

Халықаралық VisaInternational (VisaClassic/VisaGold) төлем жүйесінің карточкасы.
Шот валютасы - теңге, АҚШ доллары немесе Еуро
Серіктестердің дисконттық клубы жүйесінде тауарлар мен қызметтер үшін «Нұрбанк» АҚ-ның төлем карточкасының көмегімен төлем жасаған кезде, дербес дизайндағы карточкалардың бәріне 30% жеңілдік беріледі.

Дербес дизайндағы карточка шығарту үшін не істеу керек?

Банктің ресми сайтына немесе nurpay.kz  сілтемесіне кірсеңіз болғаны:  

  • Біздің сурет галлереямыздан ұнатқан дизайнды немесе ешкімдікіне ұқсамайтын кескінді жүктеңіз.
  • Төлем карточкасын шығартуға электронды өтінішті толтырыңыз.
  • Дербес дизайн үшін Банк Тарифіне   сәйкес банктің комиссиясын төлеңіз (ҚР кез келген банкісінің карточкасынан төлеуге болады).
  • Дизайн мақұлданған жағдайда сіздің карточкаңыз 10 күн ішінде дайын болады. 

 

 

«Нұрбанк» АҚ-ның Visa Infinite

«Нұрбанк» АҚ-ның VisaInfinite карталарын ұстаушылар келесі эксклюзив
қызметтерді пайдалануларына мүмкіндіктері бар:

  • бірнеше реткі сапарларды толықтай сақтандыру;
  • медициналық және заңдық қолдау;
  • «Консьерж» қызметі;
  • «Сатып алған заттарды қорғау» бағдарламасы;
  • «Кепілдік мерзімін созу» бағдарламасы;
  • VisaInfinite карточкаларын ұстаушыларға арналған арнайы Интернет-сайт, бұл сайтта www.visainfinitecard.com мекенжайындағы арнайы ұсыныстар мен «артықшылықтар» туралы, ақпараттар беріледі;
  • 80 елдегі 245 қалада орналасқан әуежайлардың VIP-залдарына 500-ден аса мәрте кіруге мүмкіндік беретін PriorityPass клубтық карталарын тегін шығару;
  • әлемнің кез келген елінде өткізілетін бірегей іс-шаралардың билеттерін алуға арналған «TicketExchange» сервисі;
  • VisaInfinite картасымен бүкіл әлемдегі LoungeKey бизнес залдарына тегін бару (жылына 6 рет тегін).

Толығырақ келесі сайтта: www.visa.com.kz

Қазіргі кезде Банк төмендегідей карточкаларды ұсынады:

 — Стандарт дизайндағы карточка;
— Күмістен жасалған карточка;
— Гауһар тас (0,018–0,02 карат) енгізілген эксклюзив дизайнда жасалған карточкалар.

«Консьерж» қызметін қалай пайдалануға болады?

Visa сыйлық карточкаларын ұстаушыларды қолдау қызметіне телефоннан қоңырау шалыңыз: +38 044 499 3975;
8 800 555 7046 (Қазақстандағы стационар телефондардан қоңырау шалу тегін); +7 727 349 5062 (халықаралық  және Қазақстан ішіндегі қоңыраулар үшін).

 

 

inf2

inf3

inf1