Білім беру кредиті
Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарындағы оқуға төлем жасауға кепілсіз берілетін кредит!
Білім беру кредитінің артықшылықтары
- ыңғайлы кредиттеу мерзімдері
- ЖОО-дағы оқуды толығымен бітіргенге дейін және оқу аяқталғаннан күннен бастап мерзімді 6 (алты) айға ұзарта отырып, негізгі қарызды өтеу мерзімін ұзарту мүмкіндігі
- мораторийсіз, айыппұлдар төлеместен, кредитті мерзімінен ерте өтеуге рұқсат етіледі.
Кредиттеудің негізгі шарттары
Пайдалану мақсаты |
Қазақстан Республикасының аумағында білім беру қызметімен айналысатын ЖОО-дағы оқуға (бакалавриат) төлем жасау. |
Клиенттердің мақсатты тобы | Жеке тұлғалар – қарыз алар кездегі жасы 16-ға толған Қазақстан Республикасының азаматтары |
Оқу үлгеріміне қойылатын талаптар |
- ҰБТ/КТ нәтижесі 70 балдан төмен емес; - 5 балдық жүйемен есептегенде ағымдағы емтихандық сессиясының нәтижесі 3,75 балдан төмен емес; |
Валюта | теңге |
Ең жоғарғы сома | оқу бағасына қарай белгіленеді, алайда ол 5 000 000 теңгеден аспайды |
Мерзімі | 120 айға дейін |
Қамтама | «Қаржы орталығы» АҚ-ның кепілдігі |
Жеңілдік кезеңі | - ЖОО-дағы оқуды толығымен бітіргеннен кейін негізгі қарызды өтеуге оқу аяқталғаннан күннен бастап мерзімді 6 (алты) айға ұзарту, - пайыздарды төлеуде мерзімді ұзарту қарастырылмаған. |
Кредиттік өтінімді қарастыруға қажетті құжаттардың ең аз топтамасы |
1. Жеке куәлік. |
Кредиттің берілу жолы | әрбір семестр үшін ашылған кредиттік желі аясында, транштармен ЖОО-ның шотына ақша аудару арқылы |
Қосымша ақпарат | Қарыз алушының төлем қабілеті болмаған / жеткіліксіз болған жағдайда, туыстығын растайтын құжатты тапсыра отырып, бір немесе бірнеше Серіктес Қарыз алушыларды (Қарыз алушының ең жақын туыстары)тартуға рұқсат етіледі |
Өтініш беруге арналған құжаттар тізімі | Жеке куәлік** |
Өтінімді қарау мерзімі | 15 минуттан |
* Caspian University («Каспий Қоғамдық Университеті» Білім беру мекемесі) университетін қоспағанда.
** Банк қосымша құжаттарды сұратуға құқылы
Кредиттеу шарттары комиссияларымен
Сыйақы мөлшерлемесі (жылдығы) |
20%-дан басталады** |
Қарыз алу туралы өтініш пен құжаттарды қарау үшін комиссия | 0 теңге |
Қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия | транш сомасының 1,5% + 4 000 теңге |
Мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия | 0 теңге |
** өнім бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі — жылдығы 22,5% бастап.
Кредиттеу шарттары комиссияларсыз
Сыйақы мөлшерлемесі (жылдығы) |
30%-дан басталады*** |
Қарыз алу туралы өтініш пен құжаттарды қарау үшін комиссия | 0 теңге |
Қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия | 0 теңге |
Мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия | 0 теңге |
*** өнім бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі — жылдығы 34,4% бастап.
Ескерту: сыйақы мөлшерлемелері «Нұрбанк» АҚ Активтер мен пассивтерді басқару комитетінің шешімімен бекітілген (26.01.2023 ж. №13-4 хаттама)
Білім кредиті
Тиімді шарттарда білім үшін кредит алғыңыз келе ме? Nurbank қызметін алуға шақырамыз! Тіптен Қазақстанның ең үздік университетіне түсуіңізге жол ашатын кредиттеудің қолайлы да, ыңғайлы нұсқаларын ұсынамыз.
Білім – сіздің дұрыс дамуыңызға мүмкіндік беретін кілт, жақсы оқу орнының дипломы айлығы жоғары мәртебелі компанияға жұмысқа тұруыңызға жол ашып қана қоймайды, сонымен қатар ол күн сайын өркендеп жатқан заманауи әлемде өмір сүруге қажетті білімнің мол қазынасын қоса береді.
Әдетте білім алу үшін көп қаражат керек, ал ол сіздің қолыңызда болмауы да мүмкін. Алайда ол сіздің келешектің есігін жауып тастауыңызға себеп бола алмайды. Біздің банктен білім кредитін алыңыз да, бұл мәселеге бас қатырмаңыз, кредиттеудің арқасында оқуыңыз қалыпқа түседі, уақыт та жылдам өтеді.
Неліктен білім кредитін біздің банктен алған тиімді?
Nurbank еліміздегі университеттердегі білімді кредиттеу бойынша бірнеше қолайлы және тиімді шарттарды ұсынады. Төмендегідей басты артықшылықтары бар:
- Кредиттеудің өте ұзақ мерзімдері – білімге арналған кредитті ерекше ұзақ, тіптен он жылға дейінгі мерзімге алуға болады.
Толығырақ
- Өтеу кезінде жеңілдіктер – біздің банк жоғарғы оқу орнындағы бүкіл оқу кезеңіне, негізгі қарызды төлегенге дейін + жарты жыл оқу аяқталғаннан кейін жеңілдік мерзімін береді. Осының арқасында сіз оқуды бітіріп, жұмысқа орналасқаннан кейін кредитті өз күшіңізбен төлей аласыз.
- Қарызды мерзімінен ерте жабу мүмкіндігі – егер сіздің жағдайыңыз мүлдем қарама-қайшы сипатта болса және сіз кредиттің бүкіл сомасын мерзімінен ерте төлеуге дайын болсаңыз, онда сізге ондай мүмкіндік беріледі. Осы орайда қарызға мораторий немесе айыппұл қойылмайды.
- Өтінімді жылдам қарастыру – білім кредитін рәсімдеу мақсатындағы құжаттар пакетін қарастыру үшін біздің қызметкерге бар болғаны бір сағаттан сәл артық уақыт жетеді.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.