800
Алматыдан қоңырау шалу
Тел: 244-44-44, 250-00-00
Банкоматтар мен терминалдардың картасы
Филиалдар

Кепілзатты кредит

«Кепілзатты кредит» — кредиттің мақсатын растамастан*, кепілге қойылған жылжымайтын мүлікке берілетін тұтыну мақсатындағы немесе екінші деңгейлі басқабанктерден алынған кредитті қайта қаржыландыруға арналған кредит!

Зат сатып алуды кейінге ысырғысы келмейтіндерге арналған!

Кепілзатты кредиттің артықшылықтары:

  • Кредиттеу мерзімдерінің ыңғайлы болуы;
  • Кіріс жеткіліксіз болған жағдайда, серіктес қарыз алушы тарту мүмкіндігінің болуы;
  • кірісті растамастан, кредиттеу жүргізу мүмкіндігі бар;кірісті ішінара растау мүмкіндігінің болуы;
  • мораторийсіз, айыппұл төлеместен рұқсатберіледі;

Кредиттеу шарттары:


Валюта

Жылжымайтын мүлік кепілі – теңге;
ақша салым кепілі – қарыз валютасы шот валютасына сәйкес келуі тиіс.

Ең жоғарғы сома

Кірістер толығымен расталғанда, жылжымайтын мүліктің кепілзаттық құнының 65%-на дейін, бірақ 30 000 000 теңгеден аспауы тиіс;
Кірістер ішінара расталғанда, жылжымайтын мүліктің кепілзаттық құнының 50%-на дейін, бірақ 30 000 000 теңгеден аспауы тиіс
Кірістерді растамастан,  жылжымайтын мүліктің кепілзаттық құнының 30%-на дейін, бірақ 15 000 000 теңгеден аспауы тиіс.

кепілге ақша салынғанда, ағымдағы/жинақ шоты сомасының 90%.

Мерзім

Жылжымайтын мүлік кепіліне — 6 айдан 120 айға дейін;
ақша кепіліне — 3 айдан 36 айға дейін.

Қамтама

«Нұрбанк» АҚ-ның Кепілзат саясатына сәйкес келетін жылжымайтын мүлік;ақша.

Берілуі

Кепілге жылжымайтын мүлік қойылғанда – кепілге қою келісімшартының Мемлекеттік уәкілетті тіркеуші органда тіркелуіне байланысты;
кепілге ақша қойылғанда – ақшаның кепілге алынуына қарай.

Басқа шарттар:

1. Ішіннара мерзімінен бұрын өтеу бойынша ең аз сома 200 000 теңге немесе 1 000 АҚШ доллары; 
2. Кепілзатты сақтандыру – міндетті түрде.

Кредиттеу шарттары комиссияларымен:


Сыйақы мөлшерлемесі (тіркелген)

теңгеде: жылдығы 18,0% бастап** (Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі Комиттеттің Шешімімен бекітілген 15.11.2017 ж. №131-9)
кіріс ішінара расталғанда, номиналды мөлшерлемеге +1% (қосу бір); кірістерді растамастан номиналды мөлшерлемеге + 2% (қосу екі);
басқа банктегі кредитті қайта қаржыландырғанда, номиналды мөлшерлемеден -1% (алу бір);
кепілге ақша салынғанда, банктік ағымдағы/жинақ шоты сыйақысының мөлшерлемесіне +3% (қосу үш).

Қарыз алу туралы өтінішті және құжаттарды қарау үшін комиссия:

0 теңге

Қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия

а) кепілге жылжымайтын мүлік берген кезде қарыз сомасының: 2,0% + 10 000 теңге;
б) қарыздың бүкіл сомасын қайта қаржыландырған кезде 10 000 теңге;қайта қаржыландырылатын қарыз сомасынан асатын қарыз сомасының 2,0%;
в) кепілге ақша салған кезде: 10 000 теңге

Мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия 

0 теңге

Кредиттеу шарттары комиссияларсыз


Сыйақы мөлшерлемесі (тіркелген)

теңгеде: жылдығы 30,0% бастап** (Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі Комиттеттің Шешімімен бекітілген 15.11.2017 ж. №131-9)
кіріс ішінара расталғанда, номиналды мөлшерлемеге +1% (қосу бір); кірістерді растамастан номиналды мөлшерлемеге + 2% (қосу екі);
басқа банктегі кредитті қайта қаржыландырғанда, номиналды мөлшерлемеден -1% (алу бір);
кепілге ақша салынғанда, банктік ағымдағы/жинақ шоты сыйақысының мөлшерлемесіне +3% (қосу үш).

Қарыз алу туралы өтінішті және құжаттарды қарау үшін комиссия:

0 теңге

Қарызды ұйымдастырғаны үшін комиссия

0 теңге

Мерзімінен бұрын өтегені үшін комиссия 

0 теңге

* тәуекелді бағалау күні, кредит сомасы «Нұрбанк» АҚ-ның жеке капиталы шамасының 0,02%-ына тең келетін немесе одан асатын мөлшерде болған жағдайда, кредит берілген күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде пайдалану мақсатын растайтын құжаттарды тапсыру клиенттен талап етіледі.

** Өнім бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі: теңге - жылдығы 20,2% бастап.

*** Өнім бойынша сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі: теңге - жылдығы 34,4% бастап.