«До востребования» депозиті
Талап етілетін салым – салымның мерзімі мен ең төменгі мөлшері бойынша шектелмеген.
Шарттары
Орналастыру мерзімі | мерзімсіз |
Салым валютасы | теңге, АҚШ доллары, еуро |
Ең төменгі сома/төмендетілмейтін қалдық | шектеусіз |
Қосымша жарналар | қарастырылған |
Ішінара алу | қарастырылған |
Сыйақы төлеу | жыл сайын күнтізбелік жылдың соңында немесе салымшының банкте ашылған банктік шотына аудару арқылы жыл сайын күнтізбелік жылдың соңында капиталдандыру Салымшының таңдауы бойынша: - капиталдандыру жыл сайын күнтізбелік жылдың соңында, - салымшының банкте ашылған банктік шотына аудару арқылы жыл сайын. |
Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі
тіркелген
Атаулы құн, жылдығы % | СЖТМ*, % | |
KZT | 0,1 | 0,1 |
USD | 0,1 | 0,1 |
EUR | 0 | 0 |
* — сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесі
Сыйақы мөлшерлемелері Активтер мен пассивтерді басқару жөніндегі комитеттің 03.02.2021 жылғы №10-2 шешімімен бекітілген.
«До востребования» депозиті
Егер де сіз жоғарғы кіріс көруді жоспарламастан, «жинақ сандық» ретінде ғана пайдаланатын, ақша жинауға ыңғайлы салым іздеп жүрсеңіз, «До востребования» депозитін ашуға кеңес береміз.
Бұл салым – біздің банк ұсынып отырған салымдардың ішіндегі ең қарапайым және түсінікті салым. Егер де сіз қандай да бір себептермен ақшаңызды тікелей жинақ картада ұстағыңыз келмесе, осы салым ақша жинайтын ыңғайлы орын болып табылады.
Неліктен «До востребования» депозитін ашу қажет?
- Емін-еркін ақша алу және толықтыру – сіз кез келген уақытта, қандай да бір шектеулерсіз, шоттан ақшаны шеше аласыз және оған сала аласыз.
- Қауіпсіздік – тікелей банктік картада жатқанға қарағанда, сіздің қаражатыңыздың «До востребования» депозитінде орналасуы қауіпсіз болуы осы депозиттің басты ерекшелігі болып табылады. Біріншіден, сіз картаңызды жоғалтып алған күннің өзінде, қара ниетті адам картаның көмегімен бұл депозитке кіре алмайды. Екіншіден, техникалық тұрғыдан алғанда оған заңсыз жолмен қол жеткізу күрделірек.
Көбірек
- Мерзімсіз – салым шексіз мерзімге ашылады, сондықтан да бірнеше жылда бір рет жаңа өтініш рәсімдеудің қажеті жоқ. Жай ғана ашыңыз да, ыңғайлы болған кезде оны пайдалана беріңіз.
- Шотта ең төменгі сома мен төмендетілмейтін қалдықтардың болмауы – «До востребования» салымы депозиттің төменгі сатысына қатысты ешбір қаржылық шектеулерді қарастырмайды, сондықтан да сіз оған кез келген соманы, тіптен 1 теңгені де сала аласыз.
- Шотты капиталдандыру мүмкіндігі – сыйақы жыл сайын есептеледі және ол шотта қалдырылуы мүмкін (оның капиталдануын арттыру үшін) немесе Nurbank банкінде ашылған сіздің басқа шотыңызға аударылуы мүмкін.
- Депозитті Қазақстанның депозиттерді кепілдендіру қоры сақтандырған – ҚДКҚ кепілдендірілген өтемақының ең жоғарғы сомасының шегінде ұлттық валютадағы депозит бойынша өтемақы төлеуге кепілдік береді.
«До востребования» депозитін рәсімдеуге ұсыныс жасаймыз!
Бұл депозит кез келген клиент үшін базалық және әмбебап болып саналады – онда толықтыру мен ақша шешудің күрделі ережелері жоқ, әрекет ету мерзімі шектелмеген, төмендетілмейтін қалдық қарастырылмаған, сондықтан да «До востребования» салымын ақша жинайтын сандық ретінде пайдаланады, мысалы, онда демалысқа немесе басқа да мақсаттарға арналған қаражаттарды жинауға болады.
Демалыс үшін ақшаны бөліп төлеңіз!
Депозит бойынша кеңес алу үшін өтінім қалдыру
2020 жылдың 3 ақпанында ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі берген №1.2.15/193 Бағалы қағаздар нарығында банктік және басқа операциялар мен қызметтерді атқару туралы лицензия.