Депозиттік кепілдік
1999 жылдан бастап Қазақстанда «Қазақстандық депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ (KDIF) арнайы фонды болды, оның мақсаты - жеке тұлғалардың депозиттерін кепілдендіру.
«Нұрбанк» АҚ «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның қатысушысы екені 07.12.2004 ж. № 010 Куәлікпен расталады.
Кепілдендірілген өтемақы төлеу шарттары Қордың: www.kdif.kz. сайтында орналастырылған.
Кепілдік берілуі тиіс:
- Мерзімдік депозиттерге, жинақ депозиттеріне, талап етілетін депозиттерге, шартты депозиттерге;
- Ағымдағы және карточкалық шоттардағы ақшаларға.
Кепілдендірілген өтемақы сомасын құрайды:
- ұлттық валютадағы жинақ депозиті бойынша 15 миллион теңгеден артық емес;
- ұлттық валютадағы басқа депозиттер бойынша 10 миллион теңгеден артық емес, шетел валютасында 5 миллион теңгеден артық емес.
Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры – Сіздің банктік жинақтарыңызға берілетін мемлекеттік кепілдік!